Алматтың әзілдері

Апасы немересіне:
– Балам, даладағы гүлдерге су құйып кел.
– Апа, далада жаңбыр жауып тұр емес пе?
– Қолшатырды ала шық...
***
Екі бозбаланың әңгімесінен:
– Енді, бетіме безеу шықпайтын болды!
– Қалайша?
– Бос орын қалмады.
***
Қақаған қыста қар құрсауында қалған аудан халқына гуманитарлық көмек ретінде екі вагон қарақұмық жіберіледі.
Көмекті қабылдап алған аудан басшысы:
– Көбірек сұрау керек еді, көктемге дейін қиналып қалмаймыз ба?
Орынбасары:
– Басеке, қорықпаңыз, піскенде ол төрт вагон болады ғой.
***
Үй иесі келген қонағына отбасылық альбомды көрсетіп отыр:
– Мынау – біздің сынып. Мектеп бітірген кезіміз ғой.
– Арасында сіз жоқсыз ғой.
– Мен суретке түсіріп едім...
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу