Балабақшадағы Жаңа жыл мерекесіне жиналғандар Аязата мен Ақшақарды екі сағат күтеді. Әбден кешігіп келген оларға балабақша директоры реніш білдіріп тұр:
– Қайда жүрсіздер, балалар жалығып, шаршап кетті.
– Жолда полиция ұстап алды.
– Полицияның Аязата мен Ақшақарда несі бар?
– Сақалы барлар мен орамал таққандарды қатты тексеретін болыпты ғой осы күні...
***
Мектепте Шырша тойы өтіп жатыр. Бір кезде бір бала жүгіріп келіп, Аязатаның сақалын жұлып, төмпештей бастайды. Бұған аң-таң болған Аязата:
– Балақай, мұның не?
– Өткен жылы тақпағымды тыңдамай қойғансың...
***
Сұрақ-жауап:
– Санта Клаус пен Аязатаның қандай айырмашылығы бар?
– Санта арақ ішпейді.
***
Таныстар кездесіп қалады:
– Жаңа жылды біздің үйде бірге қарсы алайық. Бала-шағаларыңызбен келіңіздер.
– Кешіріңіз, бара алмайтын сияқтымыз.
– Рақмет, қандай жақсы адамдарсыздар!
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора