Сот залында:
– Сіз не себептен базарда тұрған мына әйелдің сүтін ұрлап қаштыңыз?
– Мен ол әйелдің сүтін ұрлаған жоқпын.
– Енді кімнің сүтін ұрладыңыз?
– Сиырдың...
***
Ата-анасы егіз балаларынан сұрап отыр:
– Сен өскенде кім боласың?
– Ғарышкер.
– Ал сен?
– Мен сыңарымды емдейтін дәрігер боламын...
***
Ғарыш айлағында:
Құжат бойынша бір қытай азаматы ғана ғарышкер ретінде тіркеліпті. Бірақ онымен бірге ғарыш кемесіне 20 қытай бірге кіреді.
– Қайда барасыңдар? Сендерге кіруге болмайды!
– Айға дейін шығарып салайық деп едік...
***
Ел аузындағы әңгіме:
Кеңістікте адасып жүрген қазақстандық «ҚазСат» жер серігін өзге ғаламшарлықтар тауып алып, оның құрылысын әбден зерттепті. Бірақ еш нәрсе түсіне алмапты... Олар мұны «ғарышты кезіп жүрген темір қоқыс» деп, кеңістікке қайта жібере салыпты.
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора