Ел ішіндегі көшіп-қонушылар саны артты

Ел ішіндегі көшіп-қонушылар саны артты

Еліміз үшін маңызды мәселелердің бірі – Көші-қон мен демография. Бұл өзекті мәселе дербес мемлекет болғалы ел басшыларын да, халықты да толғандырып келеді. Қазақстанның жер аумағы кең болғанымен, халқымыз ат төбеліндей ғана. Ресми статистикалық деректерге үйенсек, соңғы 10 жылдықта елімізде қалаға көшкендер саны артып кеткен. Сондай-ақ еліміздің солтүстігінде жұмыс күші азайған. Керісінше, оңтүстікте халық саны артып, жұмыс жетіспейді, балабақша, мектеп тапшылығы сезіледі. Міне, осы орайда кейінгі жылдары халықты жаппай жұмыспен қамту мақсатында көші-қон бағдарларамасы әзірленген еді. Осы бағдарламаларға негізделген жұмыстар енді жеміс бере бастады.
Қазақстанда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде білікті мамандарды оңтүстіктен солтүстікке көшіру мәселесі ұтымды шешімдердің бірі болды. Соңғы жылдары елімізде ішкі еңбек миграциясына ерекше көңіл бөлініп отырғанын байқаймыз. Басы артық жұмыс күші бар өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге, ауылдардан қалаларға халықты ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсетудің нәтижесінде солтүстік өңірлерде алға жылжу бар. Осы бағдарламаның шеңберінде атқарылған игі іс-шаралардың бір – еліміздің Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген делегацияның қатысуымен оңтүстік өңірлерде жұмыссыздарға арналған «Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің» ұйымдастырылуы. Жәрменкелерде халқы тығыз орналасқан Оңтүстік өңірінде о баста республикамыздың 4 облысы жергілікті тұрғындарға жұмыс орындарын ұсынды, берілетін жеңілдіктер жайлы халыққа түсіндірді. Осындай насихат жұмыстарынан кейін Ел ішіндегі көшіп-қонушылар саны 19% өскен. Ресми сандарды сөйлетіп көрсек, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша Қазақстанда халық саны 2019 жылдың тамыз айындағы көрсеткіші бойынша, 8 млн 529 мыңға жеткен. Жыл басынан бері халық саны 0,72 пайызға артып отыр. Қазір елімізде қала тұрғындарының жалпы саны – 11 млн -ға жуықтады, яғни Қазақстан халқының 58,3%-ын қалалықтар құрайды. Ауылдарда 8 млн-ға жуық адам тұрады, олар республика халқының 41,7%-ын құрайды. 2019 жылдың басынан бері Қазақстанға келушілердің саны 10,8%-ға қысқарса, кеткендер саны 19,8% өскен. Ел ішіндегі көшіп-қонушылар саны 19% өскен. Өңіраралық көші-қонның оң сальдосы Маңғыстау облысында (515 адам) және Шымкент (4 144), Нұр-Сұлтан (10 936) және Алматы (11 540) қалаларында байқалады. Көшіп-қонушылардың жартысынан көбі Павлодарға (31%), Шығыс Қазақстанға (27%), Солтүстік Қазақстанға (22%), Қостанай облысына (16%) қоныстанған. Олардың басым бөлігі Түркістан облысынан (36%), Алматыдан (28%), Жамбылдан (15%), Қызылордадан (13,5%), Маңғыстау облысынан (2,7%) көшкен. Қоныс аударушылардың 48 % немесе 3 665-і жұмыс жасындағы жандар. Олардың ішінде 2020 адам немесе 70% жұмыспен қамтылды. Бұдан басқа, 180 адам кәсіпкерлік қызметпен шұғылданады. Негізі халықтың қолайлы өңірге қоныс аударуға ұмтылуы қалыпты жағдай. Осы орайда халықты тұрақты табыс көзі бар жұмысқа орналастырып, баспанамен қамтамасыз ету, бағдарламаға қатысушылар арасында кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы қолдау білдіру, жеңілдіктер жасау да қалыпты жағдайға айналуы заңды. Айта кету керек, мемлекет тарапынан ерікті бағдарламаға қатысушыларға 35 айлық көрсеткіш бойынша, яғни отбасының әр мүшесіне 88 мың теңге төленеді. Бағдарламаға қатысушының отбасына 12 ай бойы тұрғын үйді жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарын өтеуге 37875-75750 теңге аралығында материалдық көмек беріледі. Қажет болған жайғайда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға тегін оқытады. Балабақша, мектеп, аурухана мәселелерін де жергілікті билік өзі шешіп береді. Үй салып, жеке шаруашылық ашамын дейтін тұрғындарға ауылдық жерлерден тегін жер телімі беріледі. Яғни, тұрмысын жақсартам, еңбек етем деген адамға бұл таптырмас мүмкіндік.

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста