Цифрландыру ауыл шаруашылығы секторына не береді?

Цифрландыру ауыл шаруашылығы секторына не береді?

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізінде қазір ауыл шаруашылығын жаппай цифрландыру біртірндеп іске асып келеді. Оның ішінде аталған секторды жаңа технологияға негіздеу мақсаты тұр.  Жалпы осы цифрландырудың ауыл шаруашылығы секторына не беретінін баспасөз беттеріне берген сұқбаттарында «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев егжей-тегжейлі айтты.  

"Өткен жылдың желтоқсанында қабылданған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында Ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысты төрт шара бар. Бұл әлбетте, нақты егін шаруашылығына жүйені енгізу, мал шаруашылығы өнімдерін бақылау, электронды сауданы енгізу мен халықаралық логистикалық желілермен байланыс орнату», - дейді ол. Холдинг төрағасының айтуынша, жалпы, ауыл шаруашылығын цифрландыру бағдарламасы еңбек өнімділігін 45 пайызға дейін арттыруды, ауыл шаруашылық өнімін 69 пайызға дейін арттыруды көздейді. «Қазіргі күннің өзінде цифрландыру технологияларын Қазақстанда табысты түрде қолданып жатқан кәсіпорындардың барлығы қуантады. Десе де, жаппай қолданып жатқан кәсіпорындар көп емес. Әлемде жағдай бөлектеу. Нақтырақ айтқанда, Канада фермерлерінің 84 пайызы, АҚШ-та 80 пайызы заманауи цифрлық технологияларды қолданады. Егін шаруашылығында цифрлық технологияларды қолданудың арқасында АҚШ мемлекеті қант өнімділігін 80 пайызға, бидай өнімділігі 42 пайызға арттырған», - дейді Руслан Еңсебаев. Холдинг басшысының сөзіне сенсек, цифрлық технологияларды қолдану сонымен бірге ауа райының болжамын біліп отыруға, спутниктік мәліметтердің талдауын, егін шығымдылығының тарихын біліп отыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қазіргі таңда Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырысы бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін Қазақстан алқаптарының электрондық картасын құруға негізделген агроөнеркәсіптік кешенде цифрландыру шаралары жүргізілуде.

Жалпы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқылы Интернет пайдаланушыларының үлесі 2021 жылы 81% құрайды, халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейі 81,5% дейін өседі, ал АКТ саласындағы еңбек өнімділігінің өсімі 5,2% жетеді деп күтілуде. Сонымен Елбасы тапсырған  міндеттердің 80 пайызы цифрландыру жүйесіне қатысты. Сол себепті озық технологияларды қолдану заман талабы екенін халық түсініп келеді. 

Айша Нұржанқызы 
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста