Алматыдағы студенттердің 70%-ы – өңірлерден келіп білім алушылар
![Алматыдағы студенттердің 70%-ы – өңірлерден келіп білім алушылар](/image/stub.png)
Өткен жылы Алматыда 255 мыңнан астам жас білім алды. Биылғы оқу жылында студенттер саны одан да көп болады деген болжам бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматыда бүгінде 36 жоғары оқу орны мен 94 колледж бар.
«Өткен жылы 36 ЖОО-да 182 мың студент оқыды, сондай-ақ өткен оқу жылының мәліметі бойынша қалада 255 мыңнан астам жас білім алып шыққан. Биылғы оқу жылы студенттер саны одан да көп болады деп күтіп отырмыз», - деді қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиев.
Ол сондай-ақ, жыл сайын Алматыда орналасқан жоғары оқу орындарында білім алатын студенттердің шамамен 70%-ы өңірлерден келетін студенттер екенін және 36 ЖОО-да бір уақытта 30 мыңнан астам студент тұратын 95 жатақхана орналасқанын мәлімдеді.
«Алматы – жастар қаласы. Мұнда 14 пен 20 жас арасындағы жастардың саны 440 мыңнан асады. Бұдан бөлек, қаламызда ең көп жоғары оқу орындар мен колледждер орналасқан», - деді спикер.
Айта кетсек, Алматыда биылғы жылдың 1 маусымынан бастап қалалық жастар саясаты басқармасы құрылды. Оның басты міндеті – қала жастарының мүдделері мен құқықтарын қорғау.
![Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре](/storage/news/news_8/content/77ba922a7153e69614c2696d03df2247.jpeg)
![Фанаты "Барыса" получили негативные известия](/storage/news/news_9/content/894e85af4a81fee5581284b173d8de7b.png)
![GTA VI впервые покажут уже в декабре](/storage/news/news_10/content/0f3617646441be5001798ee92b7f5304.jpg)
![Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке](/storage/news/news_11/content/6b8f066a857c9b077df125a9f335fd1a.jpg)
!["Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу](/storage/news/news_12/content/436157d8a12238a4b7bb912aebc1bb8e.jpg)
![Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу](/storage/news/news_13/content/bc8a6eae0f23d162f30b91a3d7c47f59.png)