Шешендер қазақтан қыз алады, бірақ қазаққа қызын бермейді

Шешендер қазақтан қыз алады, бірақ қазаққа қызын бермейді

Кеше Атырауға пойызбен келдім. Купеде бір қазақ (мен), бір украин және шешен отырдық. Сөйтсем, әлші шешен Грозный қаласының тұрғыны екен. Біздің Астанамыз маңындағы Атбасарда жұмыс істейді.

"Сонау жақтан қатынап, екі елдің ортасында жұмыс жасап жүрсіз бе?" деген сұрағыма күле жауап берді. "Әрине, біз еркекпіз ғой. Қалай болған күннің өзінде отбасын асырау керекпіз" дейді. "Сонда елдеріңізде жұмыс жоқ па?" десем, "иә" дейді. "Бірақ, сіз егер Шешенстанда бір ай қонақтайтын болсаңыз, бірде-бір бұрышта боқ сасып жатқан алқашты көрмейсіз. Өйткені, біздің елдің азаматтары ұлттық тәрбиені бойына қатты сіңірген, біздің ұлтымыз ер азаматқа отбасын асырауды міндет етіп қойған" деді. Және бір қызығы, ол елде балалар үйі, қарттар үйі деген мүлдем жоқ екен. Егер милиция бір әйелдің жеңіл жүріске түскенін білсе, оны әлгі әйелдің ағасына иә інісіне айтады, бауырлары әйелдің тиісті жазасын береді. Егер біреудің баласы үлкенге қарсы келіп, дауыс көтерген болса, ол хабар әлгі жігіттің ата-анасына, туғандарына жетіп, жігіт міндетті түрде жазаланады. Түсік жасатуға заңмен тыйым салынған. Қазақтар жетімін жылатпаған халық еді, бірақ қазір қоғамды нашақорлық, зинақорлық, жезөкшелік, исламның атын жамылған секталарға ерушілік сіздерді аздырып барады" дейді әлгі шешен.

Және оның айтқаны, шешендер қыздарын басқа ұлтқа бермейді екен. Ал егер ілуде біреу өзге ұлт өкіліне күйеуге шығып жатса, онда ол қызбен ата-анасы да, туғандары да байланысын біржола үзеді екен. "Неге?" деген сұрағыма, өйткені олар өзге ұлттың баласын туады. Біз шешен жігіттер қазақтан да, орыстан да қыз ала аламыз. Өйткені, ол қыз бәрібір шешеннің баласын туады. Ал сіздер керісінше "менің қызым Лондонда, Бельгияда деп мақтан тұтасыздар" дейді. Айтқандары рас! Ештеңе дей алмадым. Былай қарағанда қазақтың ұлттық тәрбиесі шешендердікінен асып түспесе, кем түспейді. Бізге ұлттық тәрбиені, ұлттық ұстанымдарды жаңғыртуға не кедергі болып жатыр екен?!


 

shyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста