Путинді жеңген қазақ кім?

Путинді жеңген қазақ кім?

«Путинмен күрескен палуан Семейде тұрады» дегенді естігенде кездескенше тағат таппағаным рас. «Кім болды екен, қалай кездесті, қашан күресті, қандай адам болды екен?» деген сауалдар санаға тыным бермей, Семейге жол тартқанмын. Есікті алпысты алқымдаған ел ағасы ашты. Қарапайым, орта бойлы, мығым денелі, жайдары жүзді жанмен әңгімеміз бірден жарасып жүре берді.

 

– 1968 жылы қараша айында әскерге ша­қырылдым, – деп бастады әңгімесін Мұ­рат Керімбаев. – Бара салысымен спорт ше­бер­лігіне үміткер нормативін орын­дадым. Көп ұзамай мені спорттық ротаға қа­былдады. Әрине, әуелі физикалық даяр­лығымды, күш-қуатымды тексеріп көр­ді. Расында, мен спорттан қара жаяу емес едім. Семейдің педагогикалық инс­ти­туты жанындағы денешынықтыру кур­сында бір жыл оқығаным бар. Содан не ке­рек, мен өзіміздің әскери бөлімнің стра­те­гиялық ракеталар полкінің жат­тық­тырушысы болып жұмыс істей бастадым. Түр­лі турнирлерге қатыстық. Командалық есеп­те де, жекелей сында да әуелі ди­визияны жеңдік, одан кейін бүкіл армияны ті­зе бүктірдік. 58 келі салмақ дәрежесінде За­байкалье әскери аймағының чемпионы бол­дым. Ол кезде самбо күресінде ең же­ңіл салмақ 58 келі болатын. Сондай жа­рыс­тардың бірінде Ресейдің бүгінгі Пре­мьер-министрі Владимир Путинмен жо­лым түйісті. Екеуміз бір топқа түсіппіз. Пу­тин ол кезде студент еді. Ленинградтың заң факультетінде оқып жүрген кезі екен. Бірақ ол кезде мен оның заң факультетінде оқитынын білген жоқпын. Кейін өмірбаянын оқығаннан соң ғана білдім ғой. Сол күні бір топта төрт адаммен кү­рес­тім. Соның бірі Путин болды. Шынымды айт­сам, мен ол кезде оның Путин екенін біл­ген емеспін. Әскери борышымды өтеп елге оралғаннан кейін 1972 жылы Томскіде Сергей Вицеманның жүлдесі үшін сам­бодан бүкілодақтық турнир өтті. Сол жолы Се­мейден Керей Қойшыбеков, Серік Тоқ­тарғазин секілді жігіттерді бастап мен де бардым. Сол кезде бір салмақта 66 адам күрестік. Бір қызығы, бұл жарысқа Путин де келіпті. Бірақ басқа топта күресті. Қарап қоямын, түрі таныс секілді. Айтпақшы, сол күні онымен жақынырақ танысудың сәті түсті. Таныстырған – әскерде борышымызды бірге өтеген челябілік Анотолий Бондаренко деген жігіт. Путинді таниды екен. Бұрын бір­ге күрескен бе, әлде бір жерде бірге бол­ған ба, әйтеуір, бірін-бірі жақсы біледі екен. Сол көргеннен кейін Путинді 28 жыл­дан кейін бір-ақ көрдім ғой. Өз үйімде, те­ле­дидардан. Жеңгең екеуміз теледидар кө­ріп отырғанбыз. Теледидардан Ресейдегі пре­зидент сайлауында жеңіске жеткен Пре­зиденттің ұлықтау рәсімі көрсетіліп жат­ты. Президент келе жатыр. Қараймын, тү­рі таныс секілді. Әйеліме: «Мен мы­наны танимын ғой. Менімен күрескен бал­уан», – деймін. Міне, осылайша, Пу­тинмен күрес­кенімді 28 жылдан кейін есі­ме түсірдім. 
– Путинмен арадағы күрес қалайша өрбіді? Қайсыларыңыз басымдық та­ныттыңыздар?
– Мен ол кезде 20 жастамын. Путин – 18 жаста. Екі жас үлкендігім бар. Соған қарамастан, Путин жақсы күресті. Бірақ мен ұпай санымен жеңіске жеттім.
– Мына құлағымды сындырған – якут­тар, – дейді ағамыз өткен күндерін ой еле­гінен өткізіп. –  Әскерде жүргенде бас­ты­ғым мен самбошы болсам да, «Ойбай, Ке­­рімбаев, округтің балуандары кү­ресетін турнирде еркін күрестен де қатыса салшы. Сені жығатын ешкім жоқ мұнда» деген соң шыға салғанмын. Сол жарыста Роман Дми­трев, Гаврил Дмитрев, Планотов деген якут­тармен күрескенде мына құлағымды сын­дырды. 
– Жеңіп сындырды ма, жеңіліп сын­дырды ма?
– Жеңгеніміз де бар, жеңілгеніміз де бар.
– Құлағыңызды якуттарға беріпсіз. Иығыңызды кім сындырды?
– Иығымды сындырған – бір орыс жігіті. Негізі, менің қолым қысқа ғой. Екінің бірі болевойға (күрестегі қолды майыстыру – А.Қ) ала алмайды. Бір жарыста әлгі орыспен күрестім. Негізінде, болевойға буынды алады ғой. Ана жігіт буынды емес, мұқым иықты алды. Бір қолым оның мы­тып ұстаған қолдарында, екінші қолым оның астында қалды. Сонда да ұпай бо­йынша ұтып жатқанмын. Есеп 3:1 болатын. Омскіде қазақтар көп тұрады. Бір тобы әлгі тур­нирді көруге келсе керек. Күресіп жатқанда «Мұрат, Мұрат, шыда, шыда. 30 секунд қалды» дегендері есімде. Таныс дауыс. Қазақтың дауысы. Сол дауыс маған күш берді ғой деймін. Қиналып жатсам да, кілемді соғып берілмедім. Сонда екеуміздің арамыздағы жекпе-жектің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда әлгі жігіт қолымды қатты басып жібергенде, талық­сып кетіппін. Төрешінің ысқырығы шыр еткенде есімді жидым. Осылайша оны жеңіп кеттім. Бірақ иығымды шығардым. Төреші қолымды көтергенде айғай сал­ғаным әлі есімде. Бірден дәрігерлер алып кетті. Екінші орын алдым. Кейін кез­дес­кенде әлгі жігіт: «Сен жындысың ба? Мен қо­лыңды жұлып ала жаздадым ғой», – дей­ді. Сөйтсем, ол бір застава басты­ғы­ның орынбасары екен.
Біле жүрер бір дерек
Мұрат Керімбаев 1950 жылы Семей облысының Ақсуат ауданында дүниеге келген. Жастайынан жанына спортты серік еткен азамат Семей қаласының 250 жылдық тойында 52 келі салмақ дәрежесінде қазақша күрестен чемпион атанды. Абай Құнанбаевтың 125 жылдық тойында өз салмағында қарсылас шақ келтірмеді. Һәкімнің 150 жылдық тойында ұлттық ойындардың бас төрешісі болып, спортшылардың шеруін өткізуге үлкен еңбек сіңірді. Ақсуат ауданының волейбол, футбол құрама командасының сапында ойнап, бірнеше рет Семей облысының жеңімпазы атанды. Мұрат Керімбаев – самбо мен еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер болса, қазақша күрестен спорт шебері атанған азамат.
«Алаш айнасының» мұрағатынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста