Оралхан Бөкейдің біз білмейтін өмірі…

Оралхан Бөкейдің біз білмейтін өмірі…

Оралхан Бөкейдің есімі елге кеңінен тараған уақыт, оның Алматыда «Лениншіл Жас» газетінде істегеннен бастау алады. Кейіннен «Қазақ әдебиеті»-нің тұтқасын ұстаған жазушы, өзінің талай көркем хикаяттарымен халықты, оқырманды бірден өзіне баурай алды. Шығармаларында Алтайдың табиғаты қылаң беріп жататын жазушының өмірі туралы бүгінде аз айтылмады, аз жазылмады. Дегенмен біз білмейтін өмірінің кейбір тұстары да бар.

Мен 2013 жылы жазушының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «Кербұғы» атты деректі фильм түсіруді қолға алған едім. Арнайы құрылған экспедицияны басқарып, оның туған жері Катон-Қарағайдың түкпір-түкпірін, өзі суреттеп, қағазға жазып кеткен әр мекенді түсіріп қайтқан едік. Тіпті ауылдағы әлі көзі тірі, жазушы шығармаларына арқау болған кейіпкерлерді де тауып алғанбыз. Мысалы, «Сайтан көпірдегі» Аспан шал. Өзі қайтыс болғанымен, бәйбішесі әлі тірі. Сонымен қатар «Жетім ботадағы» Аманхан дегеніңіз, Оралхан ағамыздың өз досы Аманжан Нұқсарин. Кейіпкер таңдағанда досының есімін өзгерте салған көрінеді. Тіпті әкесінің атын да алған екен. Мұның бәрі саналы көрерменге қызық болады деп таспаға түсірген едік. Шығарманың анығында қалай жазылатынын әдебиет сүйер жастарға жеткізу басты мақсатымыз еді.
Сонымен не керек… Деректі фильміміз дайын болды-ау дегенде, бір күні жұмыс телефоным шырылдады. Қазақтың абыз ақсақалы, жазушы Мүсілім Құмарбекұлы екен. Оралхан туралы көптен айтпай жүрген бір сырын айтатынын жеткізді. Менің кино түсіріп жүргенімді естісе керек. Операторымды жетектеп, ағаның үйіне тарттым.
Мүсілім ағаның үйі темекі түніне лық толы. Көз ашытады. Өзі сабыры кетіп, байыз таппай, қайта-қайта шылымын сорғыштай береді. Кенет «Ал, жазсаңдар мен айта берейін» деді. Камераны қосып, біз де үнсіз ғана тыңдап отыра бердік.
«Оралханды ауылдан алып шыққан мен едім. Большенарымда жүргенде Өскеменге алып келіп облыстық газетке жұмысқа тұрғыздым. Менің осы үйімде тұрды. Алғашқы жазған әңгімесі де есімде. «Із» деп аталады. Өзі тез жазатын еді. Ақшаға өте тар жігіт-тін. Қысқасы, бір күні үйге келіп, үйленетінін айтты. Қалада ешкімі жоқ болғасын, келінді біздің үйге әкеліп таныстыруын өтінді. Мен отбасылымын ол кезде. Сонымен келістік. Айманды әкеп таныстырды. Кейін үйленді. Ұзақ созбаламай, сендердің де уақыттарыңды алмай, төтесінен айтып жатырмын ғой. Айман өте сұлу еді. Өте білімді жан еді. Екеуі ұзақ уақыт бірге тұрды. Кейін мен оның шығармаларын «Лениншіл Жасқа» жолдадым. Кейін Шерхан шақыртып алды. Менің айтайын дегенім Айманның қалай өлгені. Оны сол күйге не жеткізді? Оралхан екеуі ұзақ жыл бірге тұрды. Араларында сәби болмады. Бірде Оралхан шетелге курортқа кетіп, сол жақтан Айманға қоңырау шалып, келгенінше үйді босатуын бұйырған. Айман оны қатты сүйетін. Айтқан әрбір ауыр сөзіне шыдамай, өз үйлерінің қарсы бетінде салынып жатқан биік пәтердің 9 қабатынан секіріп кеткен. Мен осы жайтты Оралханға ешқашан кешірмеймін…».
Ақсақал сөзін аяқтап, ұзақ ойланып қалды. Терең күрсінді. Біз де төбемізден жай түскендей болып қалдық.

P.S.
Жазушы деген ол да пенде. Мұқағалидың «замиян да осылар, зиялы да» деп келетін өлеңі соны меңзесе керек. Оралхан Бөкейдің өмірінің бір сыры осындай. Оқырман бір нәрсені ұқса дейміз. Жазушы өз шығармасында ғана мінсіз. Ақындар да солай. Суретшілер де. Әрбір шынайы өнер иелері сондай. Өмірде не болмайды. Суреткерлердің шығармалырын қабылдаңыздар, жеке өмірі, ол әркімнің өз шаруасы. Солай…

Азамат Тасқараұлы, Мақала «Қазақ үні» газетінен алынған

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста