Ол батыр боп оралған-ды...

Ол батыр боп оралған-ды...

Бiздiң «Ерлiк» мұражайында Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердiң құжаттары мен марапаттары, суреттерi мен деректерi мол. Осы суреттерге қараған сайын отты күндер елесi көз алдымызға келедi. Солардың iшiнде, әсiресе, мына бiр сурет бiз үшiн тым қымбат. Бұл — Кеңес Одағының Батыры Расул Есетовтiң суретi.

Расул ата 1924 жылы Түркiстан қаласында дүниеге келедi. 1942 жылы 18 жасында соғысқа өзi сұранып аттанған ол Ашхабад қаласында тоғыз ай әскери даярлықтан өтiп, аға сержант шенiн алады.
Батыр алғаш рет Моздок қаласында ұрысқа қатысады. Қаланы жаудан азат ету үшiн болған кескiлескен шайқас бiр аптаға созылады. Осындай қанды қырғынды бастан кеше жүрiп ол қаруластарымен бiрге батысқа қарай жылжиды. Лугачево, Ужгород, Рахов қалаларын жаудан азат етуде Расул ерлiктiң ерен үлгiсiн көрсеттi.
...Сол күнi жаңбыр толастағанымен, аспанда қорғасындай тұтасқан қою бұлт тарқамай-ақ қойды. Содан да болар, көк жүзiнде әдеттегi меруерттей жұлдыздар да көрiнбейдi. Тынық түнде, сонау алыстан ышқына күркiреген зеңбiректiң даусы ғана құлаққа келедi. Жауынгерлер таңды күтiп жатыр едi. Бiр кезде командирдiң «Тұрыңдар!» деген бұйрығы естiлдi.
Жол лайсаң. Олар iлбiп жүрiп отырып, қалың орманның iшiне iлiктi. Сол-ақ екен, бiр сәт толастаған жаңбыр қайта жауа бастады.
Орманның шығысында Безымянная биiгi бар-тын. Командир жол бойы «жау бекiнген осы биiктi қалайда алуымыз керек» деп жауынгерлерге үлкен мiндет жүктеген. Немiстер де сақ отыр екен, оқ қарша борады. Оған ауыр зеңбiректердiң гүрсiлi қосылды.
Кеңес жауынгерлерi биiк етегiндегi жыра-жыраны паналап шабуылға шықты. Алайда, биiктегiлер маңайлатпады. Шығын көп. Мiне, осы кезде стратегиялық маңызы зор Поп қаласын жаудан азат еткен жауынгерлер көмекке келдi. Ауада жасыл ракета қалықтап тұрды. Бұл «шабуылға» деген белгi болатын.
Жау оқты үстi-үстiне бората түстi. Биiкке жақындау мүмкiн емес. Ажал бүркiп тұрған ДОТ-ты құртудан басқа жол жоқ едi.
Рота командирi, аға лейтенант Саркасянның екi көзi осы ДОТ-та. Оның үнiн қалай өшiру керек екенiн ұзақ ойланды. Оның ойын бөлiмше командирi Расул бөлдi.
– Жолдас командир, ДОТ-тың үнiн өшiрудi бiздiң жауынгерлерге жүктеңiз, — дедi ол.
Командир Расулдың салмақты жүзiне риза болып қарады.
– Осы ой менiң де басыма келiп едi. Отан үшiн, ел үшiн алға! Есетов, мен сiзге сенемiн. Ендiгi үмiт сендерде, — дедi Саркасян.
Жаңбыр жердi әбден былжыратып тастапты. Аяқ тiрер жер жоқ. Iлгерi бассаң, сырғып кейiн қарай тайғанақтайсың. Осындай қиындыққа қарамай биiкке өрмелеу керек.
– ДОТ-ты жоюды маған жүктеңiз, — дедi Константин.
Ол өте батыл да табанды жiгiт едi. Расул оған сендi.
Константин граната салған сөмкесiн бiр тексерiп көрдi де, әр тас пен жыра-жыраны тасалап, лайсаң жермен алға қарай жылжи жөнелдi. Жауынгерлер оны қорғап тұруды өз мiндеттерiне алды. Константин нысанаға жақын-ақ барды, бiрақ гранатасын лақтырмақ болғанда оқ тиiп, құлап түстi. Оның соңын ала бекiнiске қарай Николай кетiп бара жатты. Бiрақ ол да нысанаға жете алмады.
Көкiрегiн кек кернеген Расул ендi нартәуекелге басып, алға өзi жылжыды. Түйе тастарды тасалап iлгерi жылжи түстi. Немiстер оқты боратып жатыр. Ол бекiнiске тақап-ақ қалды. Қолындағы гранатаны барынша нысанаға дөп тиетiндей лақтырды. Граната гүрс ете қалды, пулеметтiң үнi өштi. Осы мезеттi күтiп тұрған жауынгерлер орындарынан дүр сiлкiне көтерiлiп, алға ұмтылды. Тап сол тұста жаудың екiншi ДОТ-ы сақылдап қоя бердi. Себелеген оқ бой көтертер емес. Расул қасына тақап келген жауынгердiң төрт гранатын алды да ДОТ-ты тұншықтыру үшiн тағы да еңбектей жөнелдi. Ол алдындағы жауын анық көрдi. Жақын келiп нысанаға төрт гранатаны бiрiнен соң бiрiн лақтырды. Амбразурадан қою түтiн будақтады. Төмендегi Кеңес әскерлерiн бас көтертпей тұрған пулеметтiң үнi өшкен соң жауынгерлер екпiндей лап қойды. Расул немiстер бекiнген орға қарғып түстi де «қолдарыңды көтерiңдер!» деп айқай салды. Қарсыластары қаруларын тастап, қолдарын көтере бердi. Санап шықты. Он тоғыз фашист. Анадай жерде төрт жау жайрап жатты.
1944 жылғы 11 қазанда Расул Есетовтiң бөлiмшесi жау бекiнiсiне басып кiрiп, осы ұрыста фашистердiң 50 солдаты мен 2 офицерiн жер жастандырып, 1 зеңбiрегiн, 2 станокты пулеметiн, танкке қарсы ататын 1 огнеметiн, 40 винтовкасын, оқ-дәрi қоймасын қолға түсiрдi.
Осындай ерлiктерi үшiн Расул Есетовке КСРО Жоғарғы Кеңесi Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығы бойынша Кеңес Одағының Батыры атағы берiлдi. Ол төртiншi Украина майданында Карпат үшiн болған шайқасқа да қатысты. Бiрiншi дәрежелi «Ұлы Отан соғысы» орденiмен екi мәрте марапатталды. Туған жерге 1947 жылдың көктемiнде оралды.
Мiне, мұражайдағы көнерген суреттiң алдына келген сайын Батыр атаның осындай ерлiктерi еске түседi. Мұражайды тамашалауға келгендерге осы жанкештi қаһармандықты айтудан жалыққан емеспiз.
«Бiздiң Оңтүстiктен осындай батырлар шыққан» деп келушiлерге мақтана айтамыз. Мұражайдағы әр жәдiгер бiр тарих. Иә, ерлiк ескiрмейдi.

Ақмарал ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА,
облыстық «Ерлiк» мұражайының меңгерушiсi.

okg.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста