Бүгін "Қызтекелер", ертең "инцест", арғы күні "зоофилия" немесе овертон терезесі бізді қайда апарады...

Бүгін "Қызтекелер", ертең "инцест", арғы күні "зоофилия" немесе овертон терезесі бізді қайда апарады...

«Қарны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» депті бір сөзінде ұлы Абай. Дәл қазір ХХІ ғасыр басында атамыздың осы сөзі біздің қоғам үшін мейлінше актуальды болып тұр. Олай деуге бірнеше себеп бар. Алдыңғы апта ортасында біз «ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы заң» керек деп дөңгелек үстел өткізген болатынбыз. Артынша қоғам тарапынан (яғни оның аз бөлігінің) бізге білдірілген қарсылығын көрсеңіздер төбе шаштарыңыз тік тұрады. Мұндай қарсылықтың жақсы ақшамен бағаланып (журналистер және блоггерлер арасында), үйлесімді ұйымдастырылғаны қазір айдан анық нәрсе. Өкінішке қарай «қызтекелік» біздің қоғамда, ашық талқыланатын күнделікті тақырыпқа айналған екен.
Ең сорақысы «гейлерді» қорғап, олардың асты-үстіне түсіп жүрген біздің қаракөздеріміз. Осы мәселені біз тіпті де көтермес едік, егер олардың қоғамдағы күрт көбеюі кәдімгідей байқала бастамаса. Егер қоғамда бір заттың, не болмаса бір трендтің бірден көбейіп кеткендігін байқасақ оның біреумен басқары¬лып, екінші біреумен жүзеге асырылып отырғандығын білеміз. Қазір дәл сол жағдай. Әсіресе «қызтекелердің» көбейгенін қазақ балалары арасында көп байқап жүрміз. Анайы қылықтың зияндығы және қазаққа жаттығы туралы айта-айта шаршадық. Осы күнде мәселе онда емес басқада болып тұр.
Нақты дәлеліміз жоқ, бірақ Алматының түнгі клубтары мен кей¬бір кафе-мейрамханаларында арнайы топ жұмыс жасап жүр екен дегенді естідік. Ол топтың мүшелері кафе мен клуб жағалаған қаракөздерімізді өздеріне тартып қызы болса қызын, ұлы болса ұлын жыныстық қатынасқа итермелейді екен-мыс. Итермелегенде де оның ең анайы (извращенный), ең ұятсыз формасын жүзеге асыруға тырысады-мыс. Ауыл баласы, бүгінгі студент бұл сұмдықты байқамау үшін оның ішетін суына не шырын, кейде арағына арнайы таблетка қосып адамды зомби деңгейіне жеткізеді екен-мыс. Келесі күні тек қана ары емес, адамдығы мен еркектігінен айырылған жастың есінде түк те жоқ болады дейді. Тек анайы қылығын әшкерелейтін фото және видео баяндар ғана. Кейін бұл арқылы бейбақты тұрақты оргияларға шақырып, өздерінің қарасын көбейтуге пайдаланады-мыс.
Мұндай сұмдық топтың қолына түсетіндер көбіне жалғыз жүріп түнгі клубтардан жұмыс іздейтін, не болмаса сілесі қатқанша арақ ішіп күнде кафе жағалайтын жастар екен, әрине олардың сымбатты болғаны «арамзалармен» құпталады. Міне, осындай жәйттар қазір фактімен емес, бірақ ұзынқұлақпен жетіп жатыр. Сол себепті жастарға және олардың ата-аналарына сақ болыңыздар дегеннен басқа айтарымыз жоқ.
«Бүгінгі қоғамда қызтекелік неге сонша дәріптеліп кетті?». Бұл сұраққа біз жауап іздеп көрдік. Біздің пайымдауымызша, бұл соғыс түрінің жаңа тәсілі. Осыдан бір 20 жыл бұрын барша газеттер шулап жазған-тын, кезекті соғыс автоматпен емес, қаламмен болады, одан кейінгісі тек экономикалық болмақ деп. Енді міне соғыстың жаңа тәсілі: «моральдық соғыс» келді. Бұл соғыс барысында белгілі бір қоғамның, не болмаса елдің моральдық құндылықтары басты соғыс алаңына айналмақ. Яғни ұлттың ғасырлардан келе жатқан моральдық ұстанымдары тез шайылып, оның орнына басқа негіздер келіп орнықпақ. Дәл осы әдіспен күні кеше «қара күштер (оларды осылай атаған жөн болар)» Еуропа елдерінің бірқаншасын тізе бүктірді. Салдарынан мұндағы бірқатар елдер әлемдік державалар қатарынан қайтпасқа кетті. Әсіресе Франция, Италия, Испания сынды әлемдік өркениет пен дамудың алдыңғы қатарлы елдері қазір ойыннан шығып қалды. Бұл елдер енді бір 20-30 жылда әлемдік және аймақтық саясатта түкті де шешпейтін елдерге айналмақ. Себебі «моральдық құндылығы» кеткен қоғамға мемлекеттің іргесі көк тиын. Сол себепті болар, аталған үш елде де қазір сепаратисттік көңіл-күйлер өте күшті және моральдық құндылықтардың құлдырауы мен әлгі сепаратистердің күшейіп, ақыры бөлініп тынатыны қазір барынша ықтимал. Соның айғағы Франция мен Испаниядағы – басктер, Италиядағы – «Венеция республикасы».
Жау «моральдық соғыс» тәсіліне әбден машықтанған. Дәстүрлі қоғам тарапынан болатын қарсылыққа немен төтеп беретіндерін жақсы біледі, ең басты қарулары «либерализм» яғни «адам құқығы», «адам теңдігі», «пікір әралуандығы», «адам таңдауының мызғымастығы» және басқалар. Осы негіздермен қорғалған «анайы қылық» қоғам ішінде емін еркін талқыға түсіп жастардың санасын улауда. Аталған тәсіл осы күнде әйгілі болған Джозеф Овертонның «Овертон терезесі» теориясында өте жақсы сипатталған.
«Моральдық соғыс» бірнеше кезеңнен тұрады және біздің түсінгеніміз ұзақ жылдарға созылған. Мүмкін соғыстың соңы 100, не болмаса тіпті 200 жылдан кейін шығар, кім біліпті олардың «барбаросса жоспарын». Біздің білетініміз қазаққа қарсы бұл соғыстың басталғанына 15 жылдан асты.
Бастапқыда ел ішіне жаппай жезөкшелік ендірілді. Бұрын-соңды тән сатумен айналыспаған қазақ қыздары 90-шы жылдар ортасында бұл «қылыққа» қатты қарсылық білдірген. Бірақ арнайы мақсатпен және тиісті идеологиямен жасақталған бандиттік топтар моральі әлсіз, әлеуметтік жағдайы төмен, іздеушісі жоқ қыздарды күндіз шаммен іздеп ақыры тапты. Көнгенін ақшаға, көнбегенін жұдырыққа отырғызып «проституцияны» іс жүзінде жаппай құбылысқа айналдырды. Оның артын аборт келді, сосын наркомания, кейін «әулие валентин күні» және басқалар. Қазіргі таңда олардың ендігі мақсаты қазақ ішінде порнографияны және «бәрінің бәрімен жаппай... (ана мәселені)» үйреншікті жағдайға айналдыру. Бұл бағытта жауыздар қазір барынша тер төгуде. «Алдамшы тойған» халықты, олар түнгі клубтарда, арнайы пәтерлерде жаппай жыныстық қатынастарға итермелеуде. Ертең соның бәрі камераға түсіп елдің күнде кешке көретін тұрақты ермегіне айналуы әбден мүмкін. Бұның бәрі өз уақытында дәстүрлі отбасы құндылықтарын жоймақ. Яғни жалғызбасты күн кешу енді бір 20 жылда үлкен сән болады білем. Өзара ымыраласып отбасы құру ұятты жағдайға айналуы да мүмкін. «Отағасы мен отанасының кез-келген ұрысы міндетті түрде ажырасумен біту керек» деген қағида ортамызға қазық болып қағылмақ. Одан кейінгі қадам, бүгін біз сөз етіп отырған «қызтекелік», жоғарыдағы жоспарлар жүзеге асқан соң, келесі болып авансценаға осы «бәле» шығады.
«Қызтекелекті» ауру дегеніміз айыппұл төлеп, оларға қарсы тас лақтырғанымыз түрмеден шығуымыз да қарастырылып жатқан болса керек. Қоғамға әбден қызтекелік енген соң, қазақ ішіне жәймендеп «инцест» ендіріле бастайды. Бұл дегеніміз аға мен қарындастың жыныстық қатынасқа түсуі, олардың отбасы құруы. Қазір осы жолмен бірнеше Европа елдері өтіп жатыр, олар «инцестті» заңмен бекітіп әлек. «Инцест» не үшін керек жауларға? Моральдық құлдыраудан бөлек инцест арқылы олар жастарды (жастарды деппін бүлдіршіндерді) ес жимай жатып жыныстық қатынасқа түсуді үйретеді. Сол кезде тиісті кітаптар, жарнамалық роликтер қоғамды шарлап кетуі де мүмкін.
Инцест елде әбден заңдасып, жаппай қолданысқа енген уақытта әлгі жаулар «зоофилияға» кіріседі. Яғни адам мен жануардың жыныстық қатынасқа түсуін заңдастырмақ. Артық айтты демеңіз қазір «жоба ретінде» АҚШ-тың бірнеше штатында бұл сұмдық заңдасып үлгерген. Яғни заңды түрде адам мен иттің неке құруы. Бұл әрине қазақ қоғамы моральінің құлдырау шегі болмақ. Ол кезде жойылып, Сары Арқаны тастап, басқаларға жол бермесек, «бәлелер» тағы да адам нанғысыз заттарды ойлап табар.
«Бәле шақырды» демеңіздер, дәл сол сияқты артық айтты демеңіздер. Аталған сұмдықтың бәрі қазір көптеген елдерде ашық түрде жүзеге асып, қауымдарының шырқын бұзуда, халқын ішінен ірітуде.
Сол себепті осы күнде өзімізге өзіміз мықты болмасақ жаудың қолтығында кетуіміз ғажап емес. Өз басым аталған сұмдық Қазақ жерінде орын алмас үшін күресуге дайынмын. Күресті әрбіріміз өзімізден бастайық, отбасымыздан және дос-жарандарымыздан. «Тәрбие тал бесіктен» деген қанатты сөзді ұстаным етейік, ағайын! Күндіз оқуда, түнде түсініксіз қызметте жүрген ағайындарымызды, балаларымызды бақылап тәрбие һақын ұмытпайық. Еліміз бірлікте һәм тыныштықта болсын! Әсіресе студент жастар, сіздер сақ болыңыздар!
arhar.kz сайтынан алынған

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста