Баян-Өлгейдегі айтыс өнері жайында...
Біз бала кезімізден жақсы білетін 1950 жылдарда ауыл арасындағы той- томалақ айтыссыз өтпейтін. Екі жігіт, екі қыз қос әріптестен отыра кетіп, домбырасыз- ақ әндептіп сөз бәсекесіне түсетін.
Ақындар айтысы- айырықша өнер, қазақ халқының домбырасы іспетті ұлттық құндылықтарының бірі және безаттық мәдени мұралардың көрнекті бір сипаты. Ақындар айтысын «Сөз барымтасы» деуге болады. Әрине барымта сөзінің мәнін бүгінгі жастар түсіне бермейді. Барымтаның нақты үлгілері өткен замандағы қоғамдық қатынастардың бірі ретінде танылған. Жалалы өлген адамдары, ұрланған мал- мүлкі, кеткен есесі билердің алдында әділдік таппаса ру- рулар арасында жанжалдасып қырылысып жататын, егесе өзара мал қуысатын болған. Яғни алымсағын қан шығармай күшпен тартып алу барымта. Керейдің төбе биі Көбейды найманның барымташылары жылқы қуу үстінде сойылдап өлтіріп кеткенде соның құнын даулап осы екі тайпаның арасында жүз жыл жалғасқан барымта «Көбадайдың қыз құны» атанып халықтың жадында қалған.
Айтыс өнері сондай- ақ бүгінгі саяхат «кілемінің» үстіндегі «мэтгэлцээ» деп аталатын ашық пікірсайыстың өнердегі түрі деуге болады. Бірақ ақындар айтысының өресі саясаттағы пікір жарысынан биік. Өйткені ол айтыста ақындардың білімділігімен, көреген қырағылығымен, тапқын шешендігімен, суырыпсалма талантымен қоса әншілік, күйшілігімен көрернмендерді еліктіріп өзіне тартып «Оу, бәрекелді» дегізетін жан-жақтылығымен дара өнер.
Айтыс қазақ халқымыздың төл өнері. Айтыс Моңғол жұртында да бар. «Харилцаа дуу» деп атайды. Оның ерекшелігі бірер шумақ өлеңінін тұрақты мәтінін жаттап алғандар өзара әндетіп айтады. Қазақтың ақындар айтысының ерекшелігі суырыпсалма ақындық таланты құр емес батыл адамдардың өз қарсыласын сөзбен жеңу үшін сайысқа шығу болып табылады.
Халқымызда көнедеп жалғасқан айтыс XVI- XVII ғасырда болғандығы туралы Мұхтар Омарханұлы атап өткен. Бұл бірде шарықтап, бірде бәсеңдегенімен еш уақытта үзіліп қалмаған дәстүрлі өнер. Біз бала кезімізден жақсы білетін 1950 жылдарда ауыл арасындағы той- томалақ айтыссыз өтпейтін. Екі жігіт, екі қыз қос әріптестен отыра кетіп, домбырасыз-ақ әндептіп сөз бәсекесіне түсетін. Сол тұстан бастап бірен-саран ақындар Баян-Өлгейде ұйымдасқан түрде саханаға шығып, көрермен жұртшылықтың алдында айтысатын болған. Осылайша ұйымдастырылған айтыстың ерекшелігі идеологиялық бақылауда болды. Бұрын ел ішіндегі айтыстарда рушылардың, ұлтшылдық қатқыл әзіл-оспақ, үкімет пен партияның мемлекетік ұйымдардың кемшілігін әшкерлеу, ақындар қызып, ерегесе келе бір-бірінің мінін қазбалап бетіне басып, ар-намысына тию қатарлы еркін келетін болса социалистік идеология тұсында ондай бетімен кетуге жол бермеді. «Париялық әдебиетке» қойылатын цензуралық бақылауға ұқсас шектеу қойылып отырды. Мұндай қатты талап ақындардың талантын шыңдап, өнердің өрісін кеңейтуге жол бермеді айтыстар шеңберде болды. Сондай шектеулер бола тұрғанмен де әкімгерлік заманда ұлттық, діни кертартпалығы бар деп біржолата шектелген кейбір салт-сана түріне қарағанда айтысқа белігілі дәрежеді мүмкіндік берілген.
Жалпы аймақ бастағандар ортасынан «үздік реформатор» аталған Мусахан Қамажанұлының идеология жауаптанған хатшы болып қызметтеген тұсы болса керек, 1958 жылы бірнеше той мерекеде айтыс өткізіліп, Әдепбай мен Тірнекейдің, Сейт пен Шәмелдің, Қаһарман мен Бүрденнің, Тірнекей мен Құмарханның айтысы «Жаңа талап» журналында жарияланған.
Жалпы қазақ көлеміндегі айтыс XIX ғасырдың ортасында қағазға түсіріле бастаған болса, Моңғолия қазақтарында 1950 жылдары баспа бетінде жарық көрген еді. Бұрынғы әйгілі ақын Тауданбек, Төлебай, Отарбайлардың жалғасы ретінде көненің соңы жаңанын басы болып Ақтан, Шәмел, Оңашыбай, Сейіт, Бұрқасын, Бүрден, Әдепбай Құмашхан, Тірнекейлерден кейін Сахаба, Байғалым, Үмітхан, Молдахан, Мамық, Егеухан, Кәмей, Күлтан, Тоқтаған, Зура, Тоқтамұраттар легі одан соң Казира, Мұрат, Талғат, Бейбітхан, Нұртай, Мұхаметжан, Қабдыжәлел, Сағира, Сүйеніш, Дәулетхан, Амангүл, Жанат, Дәулеткерейлер жұртшылыққа танылып, бүгіндер Серуен, Ерген, Аманжол, Сатжандар биікке қол соза бастады. Сезімхан Жардыханұлы сол орта буын легіне 1970 жылдары келіп қосылып Сахаба, Тоқтамұраттармен үзеңгі қағысан, тізгін таластырған, арындап алға шыққан, жүрісінен танбаған ақын.
Поэзия, жазба әдебиет, жалпы көркем туынды жүректен шығып қанмен шабытпен жазылса ған жүрекке жетеді, нағыз көркем шығарма болып шығады. Тебіренісіп шабытпен айтылмаған айтыс өлеңі әдеттегі қарапайым хабарлы сөйлеммен тең. Тыңдаушысын елең еткізе алмайды. Өрен жүйрік кәрі тарландардың бәйге десе перісі ұстап делебесі қозып кетеді. Жарысқа қоспай қойсаң ауыздығын шайнап, тоқтай алмай қалшылдайды.
Ақын Сезімхан айтысқа түскенде ой таппай, ақыл таппай, сөзбен ұйқас тапттай қипақтаған, жаутаңдаған я тұтығып бір айтқанын қайталап мазасы кетпейді. «Сен тоқтай тұр, мен айтайын» деп бірден екпіндеп өрге тартады. Іліп-шала бастап ілгері ала жөнеледі. Ондай ықпал қарсыласы үшін де жақсы, бірін-бірі демеп айтысты әсерлі етеді. Дегенмен еркіндік шектеулі дәуірде, Сезімхан ақынның таланты тасып, шабыты шалқын тұрған кезінде оның шығындап кетуіне сол шектеулер ырық бермеді. Айтысқа еркіндік 1990 жылдардан басталған жаңашыл кезеңінде ғана берілді. Бірақ бұл кез-саяси әлеуметтік өтпелі кезең аурытпалығымен ата мекенге көшкен уақытпен қабаттасты. «Ораза намаз тоқтықта» дегендей жұртшылық сауық құрып айтыс тамашаламақ түгіл бір үзім нанға зәріу болды.
Моңғолия қазақтарының ортасында айтыс өнері үзілмеген әрі 1960- 1990 жылға дейінгі аралықта анағұрлым дамып, әлем қазақтарының алдыңғы санына көтерілген дәуге болады.
1964 жылы жазушы Махпоз Құлыбекұлы ақындар айтысы туралы кітап шығарды. Сол жылдардан бастап ғалым Хабидаш Халиасқарұлы айтыс мұраларын жинақтап, зеттеумен шұғылданып, ғылыми еңбек жазды. 1950 жылдардың ортасында Моңғолия жазушылар одағының бөлімшесі ретінде орнаған қазақ жазушылар ұйымы штаты, әдеби журналды болып, үкіметтен қаржыландыру арқылы арнайы көркемсөз клубы оның жанында құрылып, ол беріректе «Мұрагер» ансамблы аталып, жетекшісі штаты, өнерпаздары белігіл дәрежеді қаржыланып, шаруашлық есеппен жұмыстауы арқылы айтыс өнері 1980 жылдары жаңа белеңге көтерілді.
Алайда Баян - Өлгейдің айтыс ақындары 2000 жылдарға таяғанда Қазақстандық, одан бергі уақыттарда Қытайлық қандастарымыздан арта қалды. Өйткен Баян- Өлгей ақындарының бірқатары ата мекенге қоныс аударды. Айтыс өнеріне жанашырлық азайды. «Мұрагер» ангсамблы түгіл жазушылар ұйымы мемлекеттік бюджеттен тысқары қалып, 1998 жылға дейін журналдың он шақты саны қайрымды адамдардың қаржылық демеуімен шығарылды. Осылайша айтыс тоқырады. Ақындық дарын болса алайда талант тасты да жарып шығады. Абай, Мағжанды, Біржан мен Сараларды ешбір өкімет қолдарын жылы суға малып, шығармашылықпен шұғылдандырып қоймаған.
Мемлекет тарапынан жанашырлық көмек қолдау болмаса да Өлгейдің кейбір ауылдарында айтыс өнерін дәуірлетіп жібермегенімен жоғалтып алмауы жолында құлшынып, талаптанып, айтыстың дәстүрлі керуенін алып жүріп келеді. Аға буын ақын Сезімхан бүгін солардың жуан ортасында. Кей уақытта да ол өлең сөзді нараулатып қарызына қалған емес жиындар мен тойдарда өлеңмен сөйлейді, топты адамның басы қосылса қарап тұрмай желдірмелете, тақпақтата жөнеледі. Аузына түсіріп, құлағына құйып қоймаса да кейінгі жастар оған қарап қанаттанады, бой түзейді. Сезімхан оларды демеп қолтығынан көтеріп, жақсы сөз, оралымды ойларын құптап отырады. Жастардың бүгінгі қарқынына да сын көзбен қарайды. Ізденіс талпыныс аз. талантын шыңдау үшін емес алдыңғы қатардан орын иеленіп силық алуға құмартушылар да бар. Тапқыр оймен оралымды ұйқас, теңеу, бейнелеу құралдарын шебер қолдану арқылы айтысты әрлендіру жағы осал. Қайсы біреуі бәйге алса мақтау сөз естісе «болдым, толдым» десе марсиып тоқырап қалушылық жетіп артылады. Әрине айтысты Қазақстан деңгейіне жеткізу үшін эканомикалық мүмкіндік те керек. Кейде аймақ орталығындағы айтысқа шалғай ауылдардан келіп қатйысуға ақындардың мүмкіндігі жетпейді. Ауыз толтырып айтарлық бәйге де шамалы білектін күшіммен жыққан балуандарға автокөлік мінгізіп жататын тойлардан айтыс ақындарының арық тоқтысыз қайтатын кездері көп. Ортаның жағдайы барған сайын ортая түсті. Әттен мықты орта болса, Қазақстанға барып толысқан Дәулеткерейлер деңгейіне жетер ме еді? Қазақ елінен дәріс алар болса!... Сезімханды толғандырған осынау ойларды бізде мақұлдаймыз. Аға буын арқылы ақынның мерейі үстем бола бергей!.
Моңғолия мәдениетіне Еңбек сіңірген қайраткер ақын- жазушы Шынай Рахметұлы, "Kazaitys.kz"