Журналистерді итке теңеген Бас прокуратура қызметкеріне ескерту жарияланды

Бұл туралы Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің бастығы Е. Айтқұловтың журналистердің арызына берген жауабында айтылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

“Тексеріспен анықталғандай, оның іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әдеп кодексінің 8-тармағының 13-тармақшасында бекітілген қызметкер моральдық-психологиялық төзімді, ұстамды болуға, субординацияны сақтауға, әріптестерімен ізеттілік қарым-қатынаста болуға, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен зейінділік танытуға тиіс делінген талаптардың бұзылу белгілері бар.

Сонымен қатар, М.Т. Кемаловтың көп жылғы мінсіз қызметін ескеріп, оған қатысты қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларын қатаң сақтау қажеттілігі туралы ескертумен шектелу жөнінде шешім қабылданды”, – делінген жауапта.

 

Еске салсақ, бұдан бұрын ҚР Бас прокуратураның Парламенттегі ресми өкілі Мейрамбай Кемалов БАҚ өкілдеріне айқайлап, «Кет дегенде ит те кетеді!» деп зекіген.

 

Тілшілерді итке теңеген шенеуніктің видеосы желіде кеңінен тарап кетті. Көп ұзамай журналистер оны жазалауды талап етіп, Бас прокуроратураға арыз жолдаған.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста