Тамара Сухомлинова дүниеден озды. Бұл біздің журналистер қауымы үшін, оны білетін, сүйетін жандар үшін ауыр қаза, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Кезінде Тамара «Ақ Жайықта» ұзақ жылдар еңбек етіп, оқырмандарымыз үшін бар ынта-жігерімізбен атқарып жатқан ісімізге ерекше үлесін қосты; кейін өз бетінше жұмыс істеуді ұйғарды.
Ол қашан да өз ұстанымында қалды: әдемі әйел, әр нәрсеге өз көзқарасы бар журналистикадағы мықты маман еді.
Оның өмірден ерте озуы ауыр соққы болды, өйткені оның бұл қоғам үшін атқарар ісі көп еді.
Тамараның тума-туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Біз Тамарамызды ешқашан ұмытпаймыз.