Атыраудан Астанаға пойызбен енді бір-ақ тәулікте жетуге мүмкіндік туғалы отыр. «Тұлпар-Тальго» вагондарын тіркеген №19/20 «Атырау» жүрдек пойызы 22 тамызда Астана вокзалынан алғаш рет шығады. Төрт күнде бір жүретін бұл қатынас құралының елорда мен мұнайлы аймақ арасындағы жүру уақыты 22 сағат 15 минутты құрайды.
27 вагоннан тұратын пойызда жалпы жолаушылар вагоны, екі орындық люкс, «Бизнес», «Турист» санатындағы вагондар мен техникалық, вагон-бар, вагон-мейрамхана да қамтылған. «Қазақстан теміржолы» ҰҚ» АҚ-тың баспасөз қызметі хабарлағандай, «Гранд» санатты вагонда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған купе де қарастырылыпты. Бұған дейін «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған жүрдек пойыздар Алматы – Астана, Алматы – Шымкент, Алматы-2 – Петропавл, Ақтөбе – Астана, Алматы-2 – Атырау бағыттарына жолаушылар тасымалдап келеді. Енді бұл қатарға Астана – Атырау бағыты да қосылды.
Жүрдек пойыз Астанаға жылдам жеткізеді
Последние статьи автора