Жүкті кезде COVID-19-бен ауырған, екпе салдырмаған әйелдер интеллект коэффициенті (IQ) 20 пайызға төмен балаларды дүниеге әкелуі мүмкін. Бұл туралы ресейлік ғалым Александр Горелов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Кеше педиатриялық мақала жарық көрді. Екпе алмаған жүкті келіншектің ковидпен ауырып, оның баласының IQ көрсеткіші 20 пайызға төмен екені көрсетілді", — деді ғалым.
Маманның айтуынша, бала психикалық және физикалық кеш дамуы мүмкін. Ғалым баламен тұрақты түрде жұмыс жасалса, көрсеткішті қуып жетуге болады деген пікірде. Алайда дүниеге келген кездегі көрсеткіш, IQ-дің төмендігін көрсетіп отыр.