Жұбы жарасқан кентаулық полицейлер

Жұбы жарасқан кентаулық полицейлер

Кентау қалалық полиция бөлімінде ерлі-зайыпты полицейлер қызмет етеді. Қайғыда да, қуанышта да бірге жүрген қос тәртіп сақшысы өздерінің отбасы бақытының құпиясымен бөлісті. Жергілікті полиция қызметі бөліміндегі полиция капитаны Бекзат Қабылбеков пен Бұлбұл Нүсіпжанованың отау құрғандарына биыл 9 жыл. Ерлі-зайыпты полицейлер Алматы академиясында оқып жүріп танысқан. Соңынан отбасын құрып, бүгінде 4 перзент сүйіп отыр.
«Полиция қызметкерлері бір-бірімен отбасын құрса, жанұясы да мықты болады. Біз үйде жүргенде жұмыс туралы айтпаймыз. Ал қолымыз босағанда қыздарымызбен көбірек уақыт өткізуге тырысамыз»- дейді отағасы. Полицей Бұлбұлдың сөзінше, бұл мамандықты таңдауына әкесі себепкер болған. Сондай-ақ мұндай жауапкершілігі мол мамандықты таңдағанына мүлдем өкінбейтінін алға тартады. Бұл сала асқан күш пен батылдықты қажет етеді. Ал мен өз мамандығымды қиын деп есептемеймін. Себебі бұл саланы бала кезден армандап келгенмін дейді. «Таңертең ерте тұрып, кез-келген уақытта жұмысқа шақырып қалғанда жолдасым екеуміз дайын тұрамыз. Бұл жағынан зайыбым екеуміз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Оған қоса балаларымның тәрбиесі, сабағы бар. Әйел болғандықтан үй шаруасын жасау керек. Шынында әйел үшін қызмет пен үйдің жұмысын алып жүру оңай емес. Десекте бастаған істі аяғына дейін жеткізіп, абыроймен зейнетке шыққым келеді»- деп түсіндірді Бұлбұл. Бүгінде ерлі-зайыпты полицейлер қызметте қатар жүру отбасы бақытына кедергі келтірмейтініне сенімді. Қайта тағдыры мен қызметі тоғысқан жандар болғанына қатты қуанады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста