Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасының директоры тексерілмеген өлшеу құрылғыларын пайдалануға жол берген. Сот үкімімен аурухана басшысына 493 143 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы директорына қатысты тексеріс жүргізді. Нәтижесінде лауазымды тұлға тексерілмеген 279 өлшем құрылғысын қолдануға жол берген. Атап айтқанда, ол қандағы оттегінің сатурациясын өлшейтін 170 пульсоксиметр, ауыр жағдайдағы науқастардың денсаулық параметрлерін бақылайтын 16 мониторды пайдалану үшін рұқсат еткен. Сондай-ақ, аурухана 27 инвазиялық шприц сорғыларын қолданған», - делінген хабарламада.