Жетісу облысында"Қамқорлық" оңалту орталығының салтанатты ашылуы өтті

Бүгін Талдықорған қаласының Облыстық перинаталдық орталығының жанынан "Қамқорлық" ерте араласу орталығының салтанатты ашылуы өтті. Орталық қызметінің негізгі түрі дамудың ерте кезеңдеріндегі 3 айдан 3 жасқа дейінгі балаларды кешенді оңалту болып табылады.

Орталық айына 50-ге дейін баланы қабылдай алады. Оңалту курсы 21 күнтізбелік күнді құрайды. Ерте жастан оңалту үздіксіздік емді қажет етеді. Сондықтан 2-3 айда бір рет оңалту орталығына келу қажет.
Тәжірибе көрсеткендей, 3 жасқа дейін баланың миы оңалту еміне өте жақсы жауап береді. Оңалтуды неғұрлым ерте бастаса, мүгедектіктің алдын алуға болады.

"Ерте араласу орталығында неврологиялық диагнозы бар 3 айдан 3 жасқа дейінгі балаларды церебральды сал ауруы, ОЖЖ-нің басқа зақымдануы (қозғалыс бұзылыстары синдромы, мерзімінен бұрын туылған балалар, гипоксия, асфиксия, церебральды сал ауруымен ауыратын балалар), туа біткен ақаулар, нейроинфекцияның салдары, Даун синдромы, прогрессивті бұлшықет дистрофиясы, босану кезінде алған жарақаттары және қозғалыс бұзылыстарымен бірге жүретін жүйке жүйесінің басқа да аурулары бар балаларға ем жүргізетін болады", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Лебаева.

Айта кетейік, орталықта мамандардың көпсалалы тобы жұмыс істейді, оған мынадай мамандар кіреді: невропатолог, реабилитолог, дәрігер ЕДШ, педиатр, ортопед, сурдолог. Педагогикалық құрамға дефектолог, логопед, эрготерапевт және балалар психологы кіреді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста