«Жетінші арнаның» бас директоры болып Әния Байоразова тағайындалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Байоразова Әния 2009 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдаған.
БАҚ және телевизия өндірісі саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар білікті маман.
Еңбек жолын университет қабырғасында жүргенде «31 арнадан» бастаған. Ақпараттық – ойын-сауық жобаларының жүргізушісі, сценарист әрі редакторы болды.
2010-2020 жылдар аралығында жаңалықтар қызметінде тілші, «Хабар» телеарнасында диктор, «Еларна» және «Алматы» телеарналарында түрлі тележобалардың жүргізушісі болып жұмыс істеді.
«Jas Otan» төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды. «Biz Birgemiz» халықтық іс-шарасын сәтті ұйымдастырып, PR жұмыстарын жүргізді.
2020 жылдан ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-де жұмыс істей жүріп, өзінің шығармашылық қызметін отандық телеарналарда жалғастырды.
Қазір Almaty Management University-де MBA дәрежесін алуда.
Үш тілде еркін сөйлейді.
Екі бала тәрбиелеп отыр.