Жетімдердің несібесін жеген

Жетімдердің несібесін жеген

Ақмола облысындағы Шортанды балалар үйінің директоры жетімдердің есепшотынан 2,6 млн теңге қаржы алып, басқа мақсаттарға жұмсаған. Облыстағы өзге де бірқатар жетім балалар мекемесінен өрескел заңсыздықтар анықталды. Бұл туралы кеше Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Прокурорлардың мәліметінше, Шортанды балалар үйінің директоры мүгедек балалардың қамқоршысы бола тұра, осы үйдің тәрбиеленушілеріне тиесілі қаражатты заңсыз пайдаланған. Ол екі жыл ішінде балалардың шотынан 2,6 миллион теңге алып, оны шаруашылық заттары, жанар-жағармай мен автокөліктердің қосалқы бөлшектерін алуға жұмсаған. Ал бұл уақыт аралығында мұндағы 15 тәрбиеленуші асыраушысынан айырылғандығы үшін төленетін жәрдемақысыз отырыпты. Сондай-ақ өңірдегі Есіл балалар үйінің алимент алуға құқы бар 162 тәрбиеленушісінің түгелге жуығы бұл қаражатқа қол жеткізбеген. Заң бойынша мұндай жағдайда жетімдер үйі басшылары қажетті шараларды қолдануы тиіс. Ал прокурорлар оларды әрекетсіздігі үшін айыптап отыр. Заңсыздық №3 Зеренді мектеп-интернатынан да әшкере болды. Үкіметтің «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы» қаулысына сай, мұндағы тәрбиеленушілердің тамақтануы тегін. Алайда Зеренді аудандық білім бөлімі үш жетім баланың қамқоршысын тамаққа 15 мың теңге көлемінде қарыз деп белгілепті. Сонымен қатар шенеуніктер ақыл-есі кем балаларды оқытатын Урюпинск интернатында денсаулығында ақауы жоқ 32 баланы жатқызып келген. Керісінше, Сандықтау балалар үйіндегі 400 жеткіншектің денсаулығына тиісті тексерулер жүргізілмепті. Прокурорлар арнайы жүргізілген тексерулер нәтижесінде 18 ұсыныс енгізіп, 7 әкімшілік іс қозғады. Кейбір тұлғаларға қатысты қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста