«Жеріміз талан-таражға түсті, енді мектеп сатылмақ»: СҚО-да Балуан ауылының тұрғындары әділдік іздеп жүр

Теріскейдегі Шал ақын ауданы Балуан ауылының тұрғындары 12 жылдан бері пысықайлардың кесірінен банк арқылы үшінші тұлғаға заңсыз сатылып кеткен 4300 гектардан астам жер телімін қайтара алмай жүр. Іс енді алға жылжып, халықтың үміті қайта жанған кезде жаңа кедергілер пайда бола бастаған. Былтыр 7 қарашада Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты пай иелері жиналысының хаттамасын жалған деп таныған және ол заңды күшіне енген. Алайда Солтүстік Қазақстанға жеткен іс қайтадан тұралап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 
ЖАЛҒАН ҚҰЖАТ ЖАСАП, ЖЫМЫСҚЫ ӘРЕКЕТ ЕТКЕН

Оқиғаны басынан баяндасақ. 2009 жылы желтоқсан айында «Балуан СК» ЖШС-нің 4322 гектар жері жалпы жиналыс хаттамасы негізінде Қ.Таныбаевтың атына рәсімделеді. Кейін 2010 жылы бұл жер түсініксіз себептермен «Казипрохем Агро» серіктестігіне рәсімделіп кетеді.  Осылайша, артынша аталған фирма басшысы Жанат Серғалиев деген азамат халықтың келісімінсіз жерді банкке кепілге қойып, элиталық тұқым сатып алады. Ал оны кепілге қою үшін Серғалиев жалған құжат жасап, болмаған жиналыстан хаттама шығарған. Кейін кәсіпкер қарызды уақытылы өтей алмаған. Салдарынан 2011 жылы мемлекеттік сот орындаушыларының шешімімен жер үшінші тұлғаға 25 миллион теңгеге сатылады. Сома аз ба, көп пе? Өзіңіз бағамдай беріңіз.

ЖЕРДІ РӘСІМДЕГЕН НОТАРИУСТЫҢ ДА БЫЛЫҒЫ КӨП....

Қарапайым халық осының барлығынан 10 жыл бойы бейхабар болып келген. Себебі, бастапқыда жұртқа дивиденд төленіп отырған. Артынша 70 адам мүлдем үлестен қағылған. Осылайша  іс қопарыла бастағанда бар шындықтың беті ашылды.  

«2009 жылдың 13 ақпандағы хаттамасымен, Шал ақын ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсанындағы қаулысына сәйкес 4322 гектар жер Қ. Таныбаевтың атына заңсыз рәсімделіп отыр. Себебі халық жалпы жиналыстың хаттамасына қол қоймаған, хаттама тек төраға ретінде Ж.Серғалиев пен хатшы Қ.Тортуловтың қолымен ғана бекітілген. Құжаттың өзінде кей азаматтардың аты-жөні дұрыс жазылмаған. Ал ауылдасымыз Нәйла Нұралина 2006 жылдан бастап АҚШ-та тұрып жатыр. Бибігүл Балабатырова деген азаматшаның айтуынша, 2005 жылы Ресей Федерациясының азаматына тұрмысқа шығып, осы күнге дейін елге ат ізін салмаған екен. Жалпы ешкім бұл құжатты ол кезде өз көзімен көрмеген. Қызығы онда жерлестерімнің қолы қойылған. Сорақысы бұл сенімхатпен хатамаларды Шал ақын ауданындағы «Воронченко» ЖК нотариусы қалай куәландырған? Құзырлы орган өкілдері аталған нотариусқа да тексеріс ашуы тиіс. Былықтың басы осы жерде жатыр деп ойламаймын. Себебі, тіркеу және есепке алу журналына ауыл тұрғындары мүлдем қол қоймаған», - дейді ауыл белсендісі Дихан Каршалов.        
Осылайша, «Шал Ақын ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы қаулысымен 4322 гектар жер «Казипрохем агро» ЖШС -не заңсыз рәсімделіп кеткен. Себебі қаулы жер үлескерлері, яғни пайшылардың қолынсыз тек қана сол фирманың басшысы Серғалиев Жанаттың өтініші бойынша ғана шығарылған.

«Оның үстіне 2010 жылғы 1 наурыздағы № 1524 анықтама жауабына сәйкес Әділет департаменті «Казипрохем Агро» ЖШС-нің директоры Жанат Сергалиевқа жерді өз атына тіркеуге рұқсат бермеген екен. Сол кезде бұрынғы Шал ақын ауданы әкімі, қазіргі ҚР ұлттық экономика вице министрі Азамат Әмрин 4322 гектар үлестік жер учаскесін Қайрат Таныбаевтың атынан тоқтатып, «Казипрохем агро» ЖШС атына тіркеу үшін әкімшілік атынан сенімхат берген. Ал Жанат Серғалиев Шал ақын ауданы әкімдігінің қызметкері емес. Заң бойынша аудан әкімі жеке немесе заңды тұлғаға мемлекеттік мекеме атынан сенімхат беруге құқығы жоқ. Бұрыңғы әкім осылайша, ойына келгенді істеген. 

Мәселені қазбалаған жұрт Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына дейін барды. Өйткені «Балуан СК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бизнес сәйкестендіру нөмірі «Kazyna Construction Group» ЖШС  иелігіне өтіп кеткен. Ал ол Маңғыстау облысында тіркелген. Сондықтан талап арыз, сол жақта қаралды. Сот пайшылардың дәлелдерін қабылдады», - деді Балуан ауылының жер мәселесімен айналысып жүрген заңгер Әсел Міржақып.
«ТҰРҒЫНДАР МИТИНГКЕ ШЫҚПАҚ...»

Ауыл тұрғындары жерді «Кахипрохем-Агро» серіктестігіне беру туралы қаулының күшін жою мақсатында маңғыстаулық соттың шешімімен СҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолдаған. Алайда құзырлы орган өкілдері арызданушылар жердің сатылғанын білгенін, арада көп уақыт өткенін алға тартып, арызды қанағаттандырмай отыр.  

«Ауылдың жағдайын көргенде жаның ашиды. Халық қиындықтарға қарсы күресіп келеді. Өзімізге тиесілі жерімізді өзіміз ала алмасақ Жаңа Қазақстанды қалай құрамыз? Бірнеше жылдан бері талай табалдырықты тоздырдық. Алайда айтарлықтай нәтиже жоқ. Негізгі құжат – жалпы жиналыстың хаттамасы өз күшін жойды. Әрі әкімдік пен жер қатынастары бөлімі осы мәселені шешуге септесуге дайын. Алайда, сот халықтың пайдасына шешім шығаратын емес. Бұл жерде бір гәп бар секілді.  Тұрғындардан әбден маза қашты. Тіпті қажет болса митингке шығуға дайын», - дейді ауыл белсендісі.
БАЛУАН ЖЕРІ ТАҒЫ ДА САТЫЛЫП КЕТЕ ЖАЗДАДЫ....

Тұрғындардың айтуынша, сот процестері болып жатқанына қарамастан, Балуан аулының жеріне қазіргі таңда иелік етіп отырған «Айгүл» ШҚ-ның иесі жерді саудаға шығарып, тағы да сатып жібермек болған. Өйткені, бұл кәсіпкердің де мазасы қаша бастаған. Айта кету керек, бүгінде облыстық прокуратура қызметкерлері де бұл іске білек сыбана кірісе бастады. Олар СҚО экономикалық сотына талап-арыз жіберді. Тұрғындардың талабымен судья Балуан ауылы халқына тиесілі жерді ауыстыруға, әрі сатуға шектеу қойды. 

«Жуырда Шал ақын ауданының қазіргі әкімі Рахат Смагуловпен кездестік. Жиын барысында осы сұрақ кеңінен талқыланды. Негізінен «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңның 37-бабы 8 тармағы бойынша әкім бұрыңғы қаулылардың күшін жою құқығы бар ма деген сұрақ қойған едік. Біршама уақыт өтті, әлі хабар жоқ. Негізі онда  ашық жазылған: «(...жоғары тұрған әкiмдік және (немесе) әкiм, әкiмдіктің және (немесе) әкiмнiң өзi, сондай-ақ соттың шешiмi әкiмдік және (немесе) әкiм актiлерi қолданылуын жоюы не толық немесе iшiнара тоқтата тұруы мүмкiн). Осы бапты басшылық негізге ала отырып, бұрынғы  қаулылардың күшін неге жоймасқа...?»- дейді пайшы Болатбек Акбасов.

Жердің сатылып кетуінің салдарынан ауыл мектебі 2021 жылы жабылып қалған. 360 орынға шақталған білім ошағын Шал ақын аудандық әкімдігі былтыр сатып жібермек болған. Алайда, халықтың жанайқайынан кейін әлеуметтік нысан аукционнан уақытша алынып тасталды. Себебі халық қазір ғимараттың бұзылуына үзілді-кесілді қарсы. Өйткені балуандықтар жер мәселесінің шешіліп, ауыл қайта гүлденетініне үмітті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста