Болжам бойынша, 20 наурызға дейін Жетісу облысы мен Алматы облысында жер сілкінісі қаупі сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Редакцияға облыстың барлық аудан, қала әкімдеріне жолданған Жетісу обылысы ТЖД хаты түсті. Құжатта Кербұлақ, Жамбыл аудандарында, Қапшашағай су қоймасы маңында 3-4 балдық жер сілкінісі сезілуі мүмкін екені айтылған.
Сейсмология институтының болжамдық комиссиясының мәліметі бойынша, сейсмикалық параметрлерді, гидрогеологиялық және гидрогеохимиялық мәліметтерді біріктіруде ауытқулар пайда болғаны байқалған.
Ретроспектив талдау қысқа мерзімді сейсмикалық жағдайдың дамуын көрсетеді, бұл жер сілкінісінің ықтимал дайындығын көрсетеді (энергетикалық класс - 11, сезілу мүмкіндігі - 3-4 балл). Жер сілкінісі қаупі 2023 жылдың 20 наурызына дейін сақталады", - делінген Жетісу облысы ТЖД бастығының орынбасары подполковник Игорь Жуковтың қолы қойылған құжатта.
Жер сілкінісінің болуы мүмкін жерлер Жетісу облысының Кербұлақ ауданындағы солтүстік-батыс Қалқан станциялары, Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қастек Түрген желісінде және Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы аймағында болуы мүмкін.
"Бұл жер сілкінісін Жетісу өңірінің тұрғындары сезуі мүмкін. Осыған байланысты Жетісу облысының аумағында азаматтық қорғаудың аумақтық мемлекеттік жүйесінің жоғары дабыл режимін енгізу және іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету талап етіледі.
Жергілікті атқарушы органдар азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің салалық ішкі жүйелерінің өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дайындығын қамтамасыз етуі тиіс", - делінген хатта.