Жеке сот орындаушыларының құзыры күшейеді

Елімізге жаңадан енгізілген жеке сот орындаушылары институтының сот актілерін орындауда біршама ілгерілеуге бет алғаны рас.
Сот актілерін орындауда белгілі бір оң нәтижеге жету мақсатында ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 22 маусымындағы № 822 қаулысымен «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңның бірқатар бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мәселен, аталмыш заңның 142-бабының 7-тармағына сәйкес, жеке сот орын­даушысы болу үшін бұрын тек 10 жылдан артық еңбек өтілі бар судьялар мен прокурор азаматтар тағы­лымдамадан өтпей-ақ, жеке сот орын­дау­шы­лары болатын болса, ендігі кезекте құқық қорғау орган­дарының қызметкерлері де жеке сот орын­даушысы лицензиясын алуға құқылы.
Сонымен қатар, аталған заңның 138-бабының 1-тармағына сәйкес, жеке сот орындаушысы басқа атқару құжаттарымен қатар, мемлекет пайдасына тиесілі сот актілерін де орындауға мүмкіндік алды. Ал осы заңның 140-бабының 1 және 2-тар­мақ­та­рына сәйкес, жасы 25-ке толған жеке сот орын­даушысынан тағылымдамадан өткен, жоғары заңгерлік білімі бар, бос орынға конкурстан өткен азамат өз құжаттарын тапсыруға мүмкіндік алатын болды. Бұрын кемінде бір жыл тағылымдамадан өту керек болса, ендігі кезекте уақыт шектелмейді. Сон­дай-ақ үш айдан артық алимент төлеуде қа­ры­зы бар азамат та жеке сот орындаушысы бола алады.
Ал, ең маңыздысы, заңның 152-бабының 2-тар­­мағына сәйкес, бұрын жеке сот орындаушысы тек өз аумағында, яғни аудан немесе қала көле­мін­де қызмет ете алса, енді осы заңға енген осы өз­герістер арқылы тұтас облыс көлеміндегі атқару өндірісімен айналыса алатын болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста