Қазгидромет синоптиктері жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
12 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың батысында, орталығында кей уақытта 23 м/с.
Астанада түнде және таңертең көктайғақ, тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың басым бөлігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстік жартысында жолдарда көктайғақ сақталады.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
11-14 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуынан және қатты жауын-шашынның күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда қатты жаңбыр күтіледі, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23-28 м/с.
Шығыс Қазақстан облысынның жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылы болады, жауын-шашын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, күндіз 0-5, облыстың оңтүстігінде 8 градус жылы күтіледі.
Абай облысының күндіз оңтүстігінде жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с. Ауа температурасы күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылы күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, күндіз 0-5, облыстың оңтүстігінде 8 градус жылы күтіледі.
Жетісу облысында жаңбыр, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Түркістан облысының тауларында түнде және таңертең оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы маңындағы аймақтарда жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағындының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.