Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Золотые пески» демалыс үйі өртке оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz -ке сілтеме жасап.
«Бүгін «Жасыбай» демалыс аймағында «Золотые пески» демалыс үйінде екі қабатты ағаш үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына келген кезде 2 қабатты екі саяжай толығымен өртеніп кеткені анықталды», - делінген хабарламада.
Өрт кезінде демалыс аймағында демалушылар болмаған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге 2 бірлік техника мен Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері жұмылдырылды.