Жасөспірім бүлдіршінді ажалдан құтқарды

Оқушылардың қысқы демалысында Жамбыл облысы Меркі ауданында Нұр-Ибраһим Бестайбеков есімді 6-сынып оқушысы азаматтық, тіпті ерлік деп бағалауға болатын әрекет көрсетті. Ол көл бетіндегі сірескен мұздың шытынауынан суға кетіп бара жатқан Никита Малыч есімді баланы ажалдан құтқарып қалды. Кішкентай ғана мектеп оқушысының батылдығына тәнті болған аудан халқы енді оған лайықты құрмет көрсету керек деп санайды.
Қысқы демалыс күндері оқушылардың көл бетіндегі мұзға барып, сырғанақ тебетін әдеті. Әсіресе, ауыл балалары үшін мұнан артық қызық жоқ. Суық күнде сырғанақ тебу – әрі шынығу, әрі сейіл құру­дың бір жо­лы. Әрине, кейде күннің күрт жы­лынып, сірескен мұздың жұқаратын сәттері де болады. Мұндай жағдай балалар үшін аса қауіпті. Ойын баласы емес пе, кейде бүл­дір­шіндер мұздың жұқарғанын байқамай да қалады. Никита көлге сыр­ға­нақ тебуге жалғыз өзі барған. Көлдің орта тұсына жет­кенде, күнге шағылысып жатқан көк мұз жарылып кетеді. Кеудесіне дейін тастай суға батқан ол айналасынан көмек сұрап айқайлайды. Көмек сұраған дауыс талып жеткенде Нұр-ИбраҺим Бестайбеков есік ал­дын­да ойнап жүрген екен. Дауысты естіген­нен кейін ол бірден көлге қарай жү­гі­реді. Дереу сырт киімін шешініп, Никитаны судан аман-есен алып шығады. «Үй ма­ңын­да ойнап жүрген болатынмын. Бірде алыс­­тан бір баланың айқайлап көмек сұра­ған дауы­сы жетті. Бастапқыда ба­лалар жай ойнап жүрген шығар деп ой­лағанмын, кейіннен шы­­­нымен де суға батып ба­ра жатқан бала­ның дауысын таныдым. Мен Никитаға көмек көр­сет­ке­нім үшін қуаныш­тымын», – дейді Нұр-Иб­ра­һим. И.Бес­тай­беков бү­гінде Жамбыл облысы Меркі ауданы Т.Рысқұлов атын­дағы №20 орта мек­те­бінің 6-сыны­бын­да оқи­ды. Сабақ үлге­рі­мі өте жақ­сы. Ол жуырда ғана Шу қа­ла­сында өткен таэк­вон­додан қалааралық жарыстан 3-орынды иеленген. Ал Никита Малыч осы мектептің екінші сыныбында білім алады. Нұр-Ибра­һим­нің өзіне көрсеткен көмегіне дән риза бол­ған ол, енді болашақта өзі де басқа адамдарға жәрдем беретінін айтады. Ауыл халқының айтуынша, «Грязный пруд» ата­лып кеткен көл осыған дейін бірнеше баланың өмірін жалмаған екен. Сол суық хабарлар да осындай қақаған қыста елді дүрліктірген. Мәселен, осыдан шамамен төрт-бес жыл бұрын бұл көлге 1-сыныптың екі бірдей баласы батып кеткен. «Егер сол балалар аман болғанда бүгін Нұр-Ибраһим сияқты басқаларға көмек көрсететін еді. Амал қанша, бұл балалардың ажалына көрін­ген көл болды», – дейді ауыл халқы. Нұр-Ибраһимнің ерлігін естіген ауыл азаматтары енді жергілікті билік немесе республика тарапынан оған лайықты құрмет көрсе­ті­ле­тініне сенімді. Олар батыр баланың ерлігі бас­қаларға үлгі болатынын айтады.
Нұр-Ибраһим БЕСТАЙБЕКОВ, оқушы:
– Адамдарға көмек көрсету – менің адамдық парызым. Никитаға көмек көр­сет­ке­німе қуаныштымын. Менің үйімде ата-анам да, мектепте ұстаздарым да үнемі маған адам­дарға жақсылық жасау қажеттігін айтып отырады. Мен үлкендердің айтқанын бұл­жытпай орындаймын.

Бағдагүл ӘКІМОВА, Меркі ауданы Т.Рысқұлов атындағы №20 орта мектебінің ұстазы:
–    Нұр-Ибраһимнің сабақ үлгерімі өте жақсы. Оның спорттағы жетістіктері де бізді үнемі қуан­тып жүреді. Менің ойымша, Нұр-Ибраһим мұндай батылдық әрекетке тәрбие, білім, ба­тылдығы арқылы барды. Біз Нұр-Ибраһиммен мақтанамыз. Оған лайықты құрмет көр­се­тілуін сұраймыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста