Жас әртістер Түркиядан бас жүлде алып келді

Жас әртістер Түркиядан бас жүлде алып келді

Жуырда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы Түркия елінде V Ескішеһир балалар және жастар театрлары халықаралық фестиваліне және ІV Анкара халықаралық театрлар байқауына қатысып, екі бірдей бас жүлдені иеленіп қайтты.

Аталған өнер байқауында Болгария, Франция, Голландия, Румыния, Ресей, Татарстан, Түркия және Қазақстан елінің өнерпаздары бақ сынады. Онда таланттарымыз әлемдік мәдениет пен әдебиетке өлшеусіз үлес қосып кеткен М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклін сахналады. Ұстаздардың айтуынша, әсіресе Шолпан рөлін сомдаған Мөлдір Қонысқызы мен Айман рөлін ойнаған Ботагөз Жақыпбекованың шеберліктері шынайлығымен есте қалды. Олар өз кейіпкерлерінің психологиялық тебіреністерін нанымды бейнелей білді. Сондай-ақ Мәриям Жагорқызының «Дударай» әнін нақышына келтіріп орындаған Сырымбек Бибосыновтың таланты да көпшілікті тәнті етті. Осылай әлем елдерін қазақ өнерімен таңғалдырған жастар сарапшылардың үлкен алғысы мен марапатына бөленді. Бұл өнер додасына жас дарындарымыз ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен барып қайтқан.

Лиза АЛТЫБАЕВА, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы:
– Фестиваль барысында студенттеріміз академия қабырғасында алған білімдерін өте жоғары деңгейде көрсетті. Бұл байқау, негізінен, жастарымызға шетел мәдениетін таныту, халықтар арасындағы ынтымақтастықты жолға қою мақсатында қолға алынды.

Мақсат СӘБИТОВ, жас талант:
– Түрік жерінен алған әсеріміз алдағы уақытта біздің шығармашылығымызға зор шабыт сыйлайды деп сенемін. Бұл сапарда біз орта ғасырларда Қазақстанда «Ербу» атты суға сурет салу өнерінің болғандығын біліп қайттық. Маған неге «Ербу-емірену» деген осы өнерді қайта жаңғыртпасқа деген ой келді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста