Жансая Абдумаликтің ата-анасы шахматшының бойындағы дарынын қалай анықтады?

Қазақстандық шахматшы Жансая Абдумалик және әкесі әрі алғашқы жаттықтырушысы Данияр Аширов Aina-LINE арнайы жобасында шахмат баланың қандай дағдысын дамытатынын айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасын дайындады.

Жансая Абдумалик 2019 жылы 20 жасқа дейінгі әлемнің үздік шахматшысы деп танылды. Ол шахматпен ерте жастан айналыса бастады және 14 жасында Қазақстанның ең жас гроссмейстері атанды. Оның қоржынында республикалық және әлемдік турнирлердің көптеген марапаты бар. 2021 жылдың 14 қаңтарынан бастап Жансая Абдумалик Алматы қалалық мәслихатының VII шақырылымының депутаты болды. 

Данияр Аширов қызына шахмат ойнауды бес жарым жасында үйреткенін, ал бірнеше айдан кейін Жансаяны және ұлын секцияға жаздырған. 

"Жалпы оны шахматқа мәжбүрлі түрде, қосарластырып жібердім. Себебі ол үйде жалғыз қалғанда қорқатын, әлі кішкентай бала. Ағасымен бірге баратын. Ол кезде ешқандай ерекшелік байқағаным жоқ", - дейді әкесі. 

Алғаш шахматшы 6 жасында қабілетін көрсете бастаған. Сол кезде әкелері Жансая мен Санжарға әлем чемпионы Хосе Рауль Капабланканың партиясын көрсеткен. 

"Ол 33 партияға созылды. Мен "Қазір сендерге партияны көрсетемін" дедім. Барлық жүрісті көрсеттім, олар екеуі партияны тақтамен талдап отырды. Сосын мен шахматты жинап алып, "ал енді тапсырма" дедім. Екеуі таңғалып, көздері бақырайып, маған қарап отыр, қайдағы тапсырма, тақта жоқ қой деген секілді айтты. Мен оларға "33 жүрістің бәрін айтып беріңдер, қалай болғанын" дедім", - дейді әкелері. 

Данияр Ашировтің ұлы Санжар жүрістің біразын айтқан, алайда мүдіріп қалғандықтан әкесі кезекті алты жасар Жансаяға берген. 

"Алты жасар бала 33 жүрісті жаттап алуы үшін есте сақтау қабілеті қандай болуы керегін елестетіңіз. Сол жерде бір ғажап нәрсе болған секілді, менде арғы беттегі нәрсе араласқандай сезім болды. Себебі Жансая бөлменің бұрышына тік қарап, бұрыштан көз алмастан, бірдей уақытта тоқтап, маған барлық жүрісті айтып берді", - дейді эфир қонағы. 

Жансая жұмыс кестесі тығыз болғанына қарамастан оның балалық шағы өзге балалардағыдай өткенін айтады. 

"Әрине, уақыт аз болғаны түсінікті, бірақ маған бәрі жеткілікті болатын", - дейді Жансая Абдумалик. 

Спортшы мектепке бармаған, оның ата-анасы үйден оқуды шешкен. Себебі, Данияр Ашировтің сөзінше, Жансая спортта үлкен жетістікке жете алмас еді. 

Оның айтуынша, шахмат тұлғаның қалыптасуындағы, баланың мінезінің қалыптасуындағы маңызды компонент болып саналады. 

"Бірінші разрядқа жеткен адам үшін сабақ оқу түк қиын емес. Шахматшылардың керемет жады, аналитикалық ойлау, логикалық ойлау, түйсігі бәріне белгілі. Көптеген мінез-құлық белгісі, дағдылар шахматтан", - дейді эфир қонағы. 

Оның айтуынша, егер мектептердің жалпы білім беру бағдарламасына шахматты оқытуды енгізетін болсақ, онда қазақстандықтардың білім деңгейі бір буыннан кейін айтарлықтай өседі. 

"Шахматтың арқасында мен адамдарды жақсы тани аламын, себебі біз жақсы психологпыз. Ойнаған кезде қарсыласыңның не ойлап отырғанын, қалай ойлап отырғанын, партияға қандай дайындықпен келгенін түсіну үшін. Яғни оның бәрін талдаймыз, мағана адаммен бірнеше минут сөйлесіп, оның икемін түсініп, маған қалай қарайтынын, жалпы не қалайтынын түсіну жеткілікті", - дейді Жансая Абдумалик. 

Оның әкесі болашақ чемпионды тәрбиелей отырып, жетітікке жеткен адамдардан шабыт алуды дарытқан. 

"Менің ойымша, ата-ананың міндеті - балаға идеяны баланың өзі қалайтындай етіп жеткізу. Егер ол ата-ананың қолынан келсе - бұл үлкен бақыт. Мен ата-аналардың 90 пайызы балаларына дәл осы идеяны, бұл ақпаратты жеткізе алмайтынын түсінемін. Әрине, мен көптеген әдебиетті қайта оқыдым. Мен өзім ойлап, бірдеңе айтып қана қоймай, ол менің арманымды жүзеге асыра бастады. Мен бұл кітаптарды түнде оған қайта оқыдым. Міне, осындай адамдардың өмірбаяны Жансаяны шабыттандырды және ол ұлы болу үшін осы ақпаратпен ұйықтап қалды", - дейді Данияр Аширов.  

"Ата-анам осы қасиетті дарытты, әр жаттығу, әр күн сайын. Олар "Егер бірнәрсемен айналыссаңдар, бірінші және мықты болуға тырысыңдар" дейтін. Сондықтан басқа амалы болмады. Үнемі алтын алуды мақсат ететінмін", - дейді шахматшы. 

Видеосұхбатты IBALAQAI YouTube-каналынан көре аласыздар. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста