Заңға қаталдық қана емес, идеология да керек

Мансұр ХАМИТ (фотолар)

Мәжіліс депутаттарының са­ны қайта толықты. Біраздан бе­рі бос тұрған депутаттық қос «крес­лоға» Астана қалалық бі­лім басқармасының бұрынғы бас­шы­сы Әсима Бимендина мен бұ­­ған дейінгі шақырылымда де­­пу­тат­тық­тың дәмін татқан, бір сөзбен айт­қанда, тісқаққан Тә­­ңір­берген Бер­діоңғаров жай­ғас­­ты. Осылайша марқұм Орал Мұ­хамеджанов пен таяу­да ғана өз еркімен Мәжіліс де­пу­тат­ты­ғынан бас тартқан Ерген До­шаев­­тың орны толықты. Кеше Мә­­жілістің отырысында қос де­пу­таттың бірі Әлеуметтік-мә­дени да­му ко­ми­тетіне, енді бірі Эко­логия ко­ми­тетіне мүшелікке қабылданды.
Сәрсенбідегі отырыс сөзбұй­да­дан тыс болды. Күн тәртібінде тал­қыланған мәселелердің негізгісі Ке­ден одағы аясындағы құжат бол­са, заң жобаларының тағы бір па­расы екінші оқылымда қаралды. Со­­лардың бірі оңалту және бан­крот­­тық деп тану туралы заң жо­басы болатын. Бұл заң жобасы негізінен компаниялардың бан­крот­тық жүйесін әлемдік талап деңгейінде жетілдіруді қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ кепілді кре­диторлар мүдделерінің басымдығын белгілеп, дүниежү­зі­лік банктің несие алу мен төлем қа­білеттілігін шешу жүйесі бойын­ша Doing Business рейтингіндегі мем­лекет көзқарасын арттыруға мүмкіндік бермекші. Тағы бір айта кететіні, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы бизнеске түсетін әкімшілік жүк­темені төмендетіп, Қазақ­стан­дағы бизнес-ахуалды жақсарта тү­се­ді деп болжануда. Әрі мем­ле­кет­тің инвестициялық тартымдылығын арт­тыратын көрінеді. Аталған заң­ды екінші оқылым барысында халық қалаулылары «несие беруші борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне мүмкіндік беретін мерзімді ұзар­ту­ды қарадық» деседі. Сосын қа­рыз­ға белшеден батпай тұрып, бо­рыш­кер­мен екеуара жасалған мә­­мілелерді жарамсыз деп тану үшін негіздерді кеңейту және нақ­ты­лау көзделген. Заңды қабыл­да­мас бұрын депутаттар банкрот ке­зін­де заңсыз әрекеттер, әдейі және жалған банкрот үшін санкциялар бө­лігін, әкімшілердің міндеттерін син­хрондауды және оны орында­ма­ғаны үшін әкімшілік жауап­кер­ші­лік турасында Қылмыстық ко­декстің біраз нормаларын қайта қарастырып отыр.
Байқағанымыз, заң жобасының басты мақсаты кәсіпорындарды жабу емес, оларды сақтап қалуға негізделетінге ұқсайды. Дегенмен дайын заңнан кілтипан да табыл­май қоймады.

«Бұрынғы жағдаймен салыстырғанда бұл кішкене жақсырақ. Алайда кәсіпкерлер жағ­дайында бұл тиімді болмай тұр», – дейді ақжолдықтар басшысы Азат Пер­уа­шев. Оның айтуынша, егер кәсіпкер мем­лекетке 200 мың теңгедей қарыз болса, жүз­­деген жұмысшысы бар кәсіпорынды бан­крот деп тауып, жауып тастауы мүмкін. Екін­ші мәселе, банкроттық жүйеде жетекші орын ретінде салық органдары бекітіліпті. Бұ­ған да «ақжолдықтар» соншалықты көн­ші­­мейді. Кәсіпкерлер үшін кейбір баптар бо­­йынша тиімді шешімдер қа­был­дан­ға­ны­мен, «Ақжол» фракциясы ұсынған ұсы­ныс­тарды жұмыс тобы қабылдамай таста­ған. Әйтсе де талқылаудан соң заң жо­ба­сын мақұлдау кезінде 103 депутаттың 93-і ғана қолдап, 10-ы қалыс қалды.
Азат ПЕРУАШЕВ, Мәжіліс депутаты:
– Аяқ астынан туындайтын қайшы­лықтар болуы мүмкін. Осындай шақта біздің Үкімет кәсіпкерлерді далаға тас­та­мауы тиіс. Мұның басқа жолын қа­рас­тыру керек. Жиналған қарызды ұзақ мер­зімге создырамыз ба немесе бас­қа­лай қолдау көрсету керек пе? Мемлекет бас­шысының талабы бойынша кез кел­ген мемлекеттік орган мен мемлекеттік қыз­меткердің міндеті – жекеменшік кә­­сіп­­кер­­лерге қолдау көрсету. Дәл қазіргі жағ­дайда мемлекеттік органдар отан­дық өндірушілерімізді назардан тыс қалдырды. «Олар ары қарай сақ­та­ла ма?» деген сауал қойылғанда «олар­дың бізге қатысы жоқ» деген сыңайда жау­ап айтылды. Ол елдегі тауар баға­сы­на да әсер етеді. Еркін жүйеде өнім шы­ға­ратын компаниялардың өнімі өз­ге­лерге қа­рағанда арзандау. Сол се­беп­тен де осы компаниялар табысын кө­бейт­кен­нен кейін тауарлары бәсеке­лес­тікке төтеп беріп, өндірісті кеңейтті. Жұмыс ор­ны кеңейіп, қызметкерлер саны арт­ты. Енді келіп солардың санын қыс­қар­туға бекініп отыр. Бұл жөн емес.

Бір адамды жұмыспен қамтуға қанша қаржы шығындалған?
Үкімет басшысы Серік Ахметовке де­путаттық сауал жолдаған Айткүл Самақова «Жұ­мыспен қамту-2020» бағдарламасына мем­лекеттiк жеке серiктестiк қағидалары негiзiнде кәсiпкерлердiң Ұлттық палатасын тартуды ұсынып отыр. «Осыдан үш жыл бұ­рын Үкімет «Жұмыспен қамту-2020» бағ­дар­ламасын бекiткенде оның оңтайлы жү­зеге асып жатқаны туралы үнемі есеп-қисап беріп отырды. Алайда аталған бағ­дар­ла­маға қатысты кейбір ақпарат көңілден шық­пайтыны өкінішті. Қазір Қазақстанда 60 мың адам ғана осы бойынша жұмыспен қам­тылған. Бұл жұмыссыз ретінде тір­кел­ген­дердің тек бес пайызы ғана», – дейді ол. Халық қалаулысының пікірінше, қазір өзін-өзі жұмыспен толық қамтығандар көр­сеткіші тек бір пайызға ғана азайған. Бү­гінде осы бағытта 170 млрд теңге кө­ле­мiнде ақша бөлінгеніне қарамастан, Үкi­мет­тiң оңтайы шешім қарастырмағанын да де­путат мысалға алды. «Сонда бiр ғана адамды жұмыспен қамту үшiн 3 млн теңге қаржы кетіп жатыр ма? Алдағы жылдары осы бағдарлама үшін 200 млрд теңге қаржы бөлiнеді деп күтілуде. Осы орайда жұ­мыспен қамту бағдарламасының тиiм­дi­лiгi нелік­тен көңіл көншітпейді?» деген сауал туады. Бұл бағдарламаның дұрыс жұ­мыс істе­мей­тіндігін көрсете ме, әлде қар­жы мақсатсыз жұм­салып жатыр ма?» дей­ді», – деді Айткүл Са­мақова. Сауал жол­дан­ды, үміт – Үкіметте.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста