Жаназада оқ атқан қылмыскер ұсталды

Алматы облысында жерлеу рәсіміне қатысып жатқан бір топ адамға оқ атқан қылмыскер­лердің біреуі қолға түсті. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД мамандары хабарлады.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, оқиға  қыркүйектің 15-інде болған. Алма­ты облысы Талғар ауданына қарасты Нұра ауылында белгісіз біреулер қайтыс болған азаматты жерлеу рәсіміне қатысушы­ларға қарсы оқ атқан. Нәтижесінде тұрғындардың біреуі сол жерде қаза тауып, ауыр дене жа­ра­қатын алған тағы екі адам аудандық ор­талық ауруханаға жеткізілді. «Оқиға ор­ны­нан Макаров тапаншасының 7, «Стражник» та­паншасының 6 және 16-калибрлі мыл­тық­тың 1 оғы табылды. Әрі оқиға болған маңайды тексеру кезінде қамыс арасынан іздеуде жүрген «Нива» көлігі табылды», – дейді Алматы облыстық ІІД бастығының орынбасары Берік Қожамбердиев.
Берік Қожамбердиев, Алматы облыстық ІІД бастығының орынбасары:
– Тексеру барысында қылмысқа қа­тысы бар төрт ауыл тұрғыны анықталып, оларды іздестіру материалдары ҚР ІІМ барлық қалалық ішкі істер бөлімдеріне жіберілген болатын. Жедел-іздестіру шаралары барысында тұрғындарға оқ атушылардың біреуі ұсталып, Талғар аудандық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаға қатысты қалған күдіктілерді іздестіру, ұстау шаралары жүріп жатыр. Айта кету керек, оқиғаға қатысушылар  қандай да бір ұйымдас­қан қылмыстық топ мүшелері емес. Ал­дын ала тергеу амалдары бойынша, қыл­мыс жеке бас араздығынан бол­ған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста