Жаңатас қаласының халқы алдағы қысты үреймен күтіп жүр

Жаңатас қаласының халқы алдағы қысты үреймен күтіп жүр

Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласының халқы былтыр қысты тоңып өткізгенін ұмыта алар емес. Жылудан тарыққан жұрт, әкім қызметінен кетсін деген талап қойды. Шаһардағы қазандықты жөндеуге миллардтап қаржы бөлінгенімен, жарытып жылу бермейтін көрінеді. Бұл туралы Azattyq Ruhy «Қазақстан» Ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.

 
2-ші топ мүгедегі Қасымжан Нығызбаев Жаңатаста 30 жылдан бері тұрады. Қыс келсе бүрсеңдеп, өлместің күнін кешеміз деген ол, былтырғы жағдай биыл да қайталана ма деп қорқады.

«Қыстың күні келіп тексеріңдер ешқандай жылу жоқ. Қара халықты жылатқаннан басқа, әкімшіліктен ешқандай көмек болып жатқан жоқ. Мен бір үйде екі мүгедек тұрамын арендадан арендаға тұрып жатырмын. Мына әкім жұмыс істегенін көрсетсін халыққа. Халықтың алдына шығып сөйлесін, сөйлей алмайды, неге? Өйткені оның істеп отырған жұмысы жоқ», - деді қала тұрғыны Қасымжан Нығызбаев.
73 жастағы Әмина Есмағанбетова да жылу мекемесінен жылу көрмедік дейді. Былтыр қыс бойы жылуға жарытпаған жауаптылардан көңілі қалған. Мәселені әкімдікке қанша айтқанмен қайран жоқ.

«Жақсы жылымайды. Қабат-қабат киініп, қыстай тоңып шығамыз. Үйіміздің іргесі былтыр көгеріп кетті. Жаурап отырдық сонда, қыс қашан бітеді екен деп отырдық», - деді, қала тұрғыны Әмина Есмағанбетова.
Жаңатаста 96 көпқабатты үй бар. Қазандықтар мазутпен жанады. Былтыр мекеме қақаған аязда отынды үнемдейміз деп, 17 мыңға жуық тұрғынды тоңдырып алған. Оған себеп, жеткізуші мердігер, сұйық отын тасымалын кешіктірген.

«Мазут мәселесі қазіргі таңда жаңағы он күндік қор дейді ғой, он күндік қорымыз бар. Биылға енді жылудан мазуттан ешқандай мәселе болмайды деген ойдамыз», - дейді «Жаңатас жылу» мекемесінің басшысы  Әбутәліп Әбілов.
Жаңатас қаласын жылыту үшін мемлекеттік бюджеттен 1 миллиард 300 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Жауапты мекеме басшылығы қазір сұйық отынның 500 тоннасын жеткізіп алғанын айтты. Бұл 10 күндік қор. Ал қазандықтарға көгілдір отынмен істейтін пештерді орнату үшін 2 миллиардтан аса теңге қажет. Әзірге бұл жоба қаржы тапшылығына байланысты қолдау таппай отырған көрінеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста