Жанартау күлі аспанымызды айналып өтеді

Жанартау күлі аспанымызды айналып өтеді

Әлемнің табиғи апаттар мен техногенді сипаттағы төтенше оқиғалардан дүрлігуі басыла қоймайтын сияқты. Жер сілкіністерімен, алапат су тасқындарымен жағаласа, Исландияда оянған аты жаман жанартаудың шаңы күллі ғаламшарға жайылып барады. Дүниежүзінің көптеген бөлігінде әуе қатынасы тоқтап, соның салдарынан болған қолайсыздықтар тұрғындардың тірлігіне де, көңіл күйіне де кері әсерін тигізе бастады. Алайда қазақстандық метеорологтер Эйяфьятлайокудль аталатын жанартау шаңының елімізді айналып өтетінін айтып отыр.

Адамның тілі келе бермейтін «эйяфьятлайокудль» сөзі Исландия халқының тілінде «тау мұздықтары аралы» дегенді білдіреді. Жанартау ел астанасы Рейкьявиктен 200 шақырым жерде орналасқан. Мұздықтар ортасында орналасқан жанартау екі ғасыр «ұйқыда жатып келіп», наурыздың 21-і күні, күн мен түн теңелген сәтте бұрқ етіп атқылай бастады. Жойқын құбылыстың қаупі өте күшті болғандықтан, жақын маңдағы елді мекен тұрғындары түгел көшіріліп, көлік қатынастары тоқтатылды. Жанартауға мейлінше жақын барып зерттеген мамандардың мәліметінше, отты таулардан шамамен 7,5 шақырым биіктікке күл бағандары атқылаған. Сәуірдің 14-і күні жанартау тағы мінез көрсетті. Қарақошқыл шаң жел екпінімен мыңдаған шақырымдарға жайыла тарап кетті. Атмосферадағы жанартау қалдығының адам денсаулығына зиянынан бұрын, ұшақ двигателін тоқтатып тастайтын құдіреті бар. Сол себепті Еуропаның ондаған мемлекетінде 63 мыңға жуық әуе қатынасы тоқтатылды. Сарапшылардың есебінше, бұл жайттың салдарынан миллиондаған евро көлемінде шығын келді. Көрші Ресейдің өзінде 441 рейс кейінге қалдырылып, әуежайларда келеңсіздіктер қалыптасты. Жойқын жанартау күллі әлемге қаупін төндіре бастады. Дегенмен отандық мамандар қатерлі құбылыстың еліміздің аумағын айналып өтетінін хабарлады.

Маржан ҚҰСАЙЫНОВА, «Қазгидромет» РМК болжам бөлімінің бастығы:
– Исландия жанартауының шаңы батыстан соққан желмен бірге Ресейдің үстіне ауып жатыр. Бірақ ол біздің ел аумағына жетпейді. Оның үстіне, бізде жел оңтүстік-батыстан соғады. Сондықтан ғаламды жайлаған шаңнан қауіп жоқ. Елімізде әуе қатынастарының белгілі бір нормалары бар. Әзірше қалыпты мөлшерден асып, әуе қозғалыстарына кедергі келтіретін жайттар анықталған жоқ. Ал негізі жанартау шаңы ауа қабатында екі жылға дейін тұрақтап қалады, содан кейін ғана басылуы мүмкін. Ол, ең алдымен, ұшақтар двигателіне, металдың коррозияға ұшырауына әсер етеді. Адам ағзасына, психикасына да зияны болуы ықтимал.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста