Жанар Доғалова Turkvizyon-2014 байқауының жеңімпазы атанды

Қазақстан әншісі Жанар Доғалова Turkvizyon-2014 байқауының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқау биыл Татарстанның астанасында өтті.

Жанар Доғалова "Ізін көрем" әнімен өнер көрсетіп, 225 балл ұпай жинады. Байқауда екінші орынды 201 балл алған Татарстан әншісі Айжар Сүлейман иеленді, үшінші орын 199 балл алған Zaman тобына бұйырды. Вокалистердің өнерін байқауға қатысушы елдердің бір-бір адамынан құралған халықаралық қазылар алқасы бағалады. Байқаудың финалына Қазақстан, Татарстан, Түркия, Башқұртстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Македония, Иран, Қырым, Босния және Герцеговина, Болгария, Якутия, Әзірбайжан және Түрікменстан елдерінен барлығы 15 өнерпаз қатысты.

Жартылай финалда Жанар Доғалова үшінші орын алып, финалға өткен еді. Доғалова өнер көрсеткеннен кейін қазылар алқасы мүшелерінің бірі - Арман Дәулетияров әншіге орнынан түрегеліп, қол соқты. Жанардың өзі эмоциясын жасыра алмады, байқау нәтижелері жария етілгеннен кейін ол өзіне қолдау көрсеткен барлық отандасына алғысын білдірді.

Turkvizyon - "Евровидение" байқауының түркі әлеміне арналған баламасы. Байқаудың аудиториясы 300 миллион адамнан асады. Turkvizyon ең алғаш рет 2013 жылы Түркияның Ескішаһар қаласында өтті. Оған 24 елдің өкілі қатысты. Қазақстанның атынан бақ сынаған Rin'Go тобы финалдың қорытындысы бойынша тоғызыншы орын алған еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста