Жаңа жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер табысы, дүние-мүлкі туралы декларация тапсырады

Жаңа жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер табысы, дүние-мүлкі туралы декларация тапсырады

2022 жылдан бастап қазақстандық мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілгендер мен олардың жұбайы кірісі мен мүлкі туралы 270.00 декларациясын тапсырады. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысаны мен оны толтыру қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылдың 13 қыркүйегіндегі № 927 бұйрығымен бекітілді.

Табысы мен мүлкі туралы декларацияда жеке тұлғалар күнтізбелік жыл ішінде алынған кірістері туралы (оның ішінде елімізден тыс жерлерде алған кірістері де бар), сондай-ақ мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті сатып алғаны немесе иеліктен шығарғаны туралы (оның ішінде елімізден тыс жерлердегі мүлік те бар) ақпаратты көрсетуі тиіс.

Бұдан басқа, декларацияда жеке тұлғалар:

жылжымайтын мүлікті (пәтер, үй, жер учаскесі және т.б.);
механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін (автокөлік, тіркеме және т.б.);
заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін;
бағалы қағаздарды (акциялар, облигациялар, вексельдер және т.б.);
инвестициялық алтынды;
туынды қаржы құралдарын;
тұрғын үй құрылысына қатысу үлесін сатып алуға жұмсаған шығындарын растап, мәліметтерді көрсетуі қажет.
Декларация жеке тұлғаның тұрғылықты (тұратын) жері бойынша ұсынылады.

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00-нысаны) табыс еткен азаматтар үшін кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысаны) қағаз түрінде 2022 жылдың 15 шілдесіне дейін, электронды түрде 2022 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсыруы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста