Жаңа заң: Жастарды қандай жаңашылдық күтіп тұр

Күні кеше елімізде жастар туралы заң күшіне енді. Жаңа заңда жастарға қатысты бірнеше жаңашылдық бар. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі заңнамада қарастырылған басты өзгерістерге тоқталып өткен еді.

Заңға сәйкес жастар ұғымының шегі ұлғайды, яғни ендігі уақытта 35 жасқа дейінгі азаматтар аталған санатқа кіреді. Осылайша елімізде жастардың үлесі 3,7 млн-нан 6 млн-ға дейін артты.

Енді 35 жасқа дейінгі азаматтар жастарға арналған мемлекет тарапынан қарастырылған жеңілдіктер мен мүмкіндіктерді пайдалана алады.

Заңнамадағы келесі жаңашылдық елімізде жастардың даму индексі енгізіледі. Еске салсақ, осыдан бірер жыл бұрын Мемлекет басшысы жастар арасында даму индексін енгізуді ұсынған еді.

Биыл қаңтарда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар индексінің әзірленіп жатқанын хабарлады.

Жастарды дамыту индексі – денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту, қоғам өміріне араласу, бос уақытты тиімді өткізу, қауіпсіздік деңгейін талдауға арналған жиынтық.

«Жастардың даму индексін заңнамалық ресімдеу олардың қоғам өміріндегі белсенділігін арттыратынына сенімдімін. Даму индексі – жастар саясатын іске асыру, талдау, бағалау және нақты нәтижелерге қол жеткізу тәсілдерін біріздендірудің таптырмас құралы», - деген еді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров ОКҚ-де өткен брифингіде.

Сонымен қатар NEET санатына кіретін жастарды да жаңалық күтіп тұр. Елімізде аталған санатқа жататындардың қатары көпбалалы және жалғызбасты аналармен көбейді. Бұған дейін NEET санатына дені жұмыссыз жастар кіретұғын.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастардың үлесі 6,5% құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 0,4% төмен.

Заңнамаға сәйкес елімізде жастармен жұмыс жөніндегі маман пайда болды. Ол жастардың жеке және әлеуметтік дамуын қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыратын қызметкер. Аталған маманның мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сипаттамаларға сәйкес біліктілігі болады.

Жастар туралы заңның тағы бір тоқталып өтетін тұсы, елімізде еңбек жасақтары құрылады. Жастардың еңбек жасақтарына қатысу үшін 14-35 жас аралығындағы ҚР азаматтарынан өтінімдер қабылданады. Құжаттар жастар ресурстық орталықтарына тікелей жүгіну немесе «EL JASTARY» интернет-ресурсы арқылы тапсырылады.

Жасақ құрамына қабылданған азаматтар мына қызметтермен айналысады:

1. Көшелерді, скверлер мен саябақтарды абаттандыру;

2. Аумақтарды көгалдандыру;

3. Бос уақытты ұйымдастыру бойынша жұмыс, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу және оған қатысу;

4. Жастардың қажеттіліктері мен мүдделері негізінде ҚР заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жұмыстар.

Жастар еңбек жасақтарының қызметі ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ескеретіні – жасақ құрамындағы азаматтар зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарға жіберілмейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста