Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде 4-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Жаңа медианың жаңа мүмкіндіктері» атты студенттерге арналған екі күндік медиа-тренинг өтті. Жаңа медиа технологиялары жайлы қазақтілді студенттер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған медиа-тренингке іріктеуден өткен 25 студент қатысты.
Аталмыш тренингтің негізгі мақсаты – жаңа медианың мүмкіндіктерін студенттерге кеңірек таныстыру. Екі күнді қамтыған тренингте фото, аудио, видео өңдейтін бағдарламалар (picassa, audacity, videopad) әлеуметтік желілерін ұтымды пайдалану (twitter, facebook, gmail.com) блог жүргізу (kazjur.kz) жайлы келелі әңгімелер айтылды. Бұл мазмұнды шарада студенттерге дәріс жүргізуге MediaNet Халықаралық журналистика орталығының жоба үйлестірушісі Дінмұхаммед Зиядин, «Қазақстан РТРК» веб-ресурстар бөлімі, қазақ редакциясының қызметкері Ербол Азанбек, «Мінбер» ЖҚО төрайымы Есенгүл Кәпқызы, журналистика факультеті деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Қарлыға Мысаева арнайы шақырылды. Осы медиа-тренингте студенттерге жаңа медиа және блог және оны ашу, жазба орнату туралы дәріс өткізген – Мейрамхан Жәпек: «Ұйымдастырылған тренингтің студенттерге берер пайдасы мол деп білемін. Өйткені бұл жерде тек қана теория жүзінде емес, практикалық дәрістер мен қолданбалық маңызы бар дүниелер де қарастырылды. Бұл – біздің қазақ қоғамын үлкен көшке бастап бара жатқан үрдістің белгісі. Ақпарат әлеміндегі жаңа мүмкіндіктер мен жаңа ізденістерден қазақ жастары мен болашақ журналистер шет қалмауы керек. Қазіргі уақыттың өзі бізді жаңа медиа көшіне ілесуге үндейді. Сондықтан бізге әлемдік тәжірибелерді үйрене отырып, қазақстандық жаңа модельдерді жасап шығару маңызды міндеттердің бірі болып саналады», – деді.
Жаңа медианың жаңа мүмкіндіктері
Последние статьи автора