Жалғыз үй болса, неге жалға береді?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің тең жар­ты­сынан астамы жалға бе­ріл­еді. Тамыз айынан бері бірлесе тексеру жүр­­гізіп келе жатқан Ал­маты қалалық Ішкі істер қыз­меті мен Салық бас­қармасының бірлескен тек­­серуі нәтижесінде атал­мыш қалада үйі бар тұр­ғындардан гөрі, пәтер жал­дау­шылардың  көп екеніне көз жеткізген құзырлы орын өкілдері осындай мәлімдеме жасап отыр.
Шыны керек, оңтүстік астанада пәтер жалдап тұр­а­тындардың дені – өзіміздің қаракөз қазақтар. Нарықтық кезең тұсында ауыл тұрмысының тұралап, жұмыс көздерінің жабылуы тіршілігі қайнаған қалаға келгісі келетін ауылдықтардың санын еселеп арттыра түсті. Келешегі жоқ деп танылған ауылдардан жөң­кіле көшкендер де ебін тауып, оңтүстік өңірге тұрақ­тауға тырысты. Оның үстіне, жоғары оқу орнын біті­ріп, диплом алған жастар да тіршілігі көп қалада қалу­ды көздеді. Нәтижесінде күнкөріс қамымен «екі қолға – бір күрек» іздеп келгендер айлығы шайлы­ғына жетпесе де, тапқаны пәтердан артылмаса да, ама­лының жоқтығынан Ал­матыға тұрақтауға мәжбүр болды. Осылайша тұрақтаса да тұратын пана таппағандар мәселесі күрделене берді.
Бүгінде Алматы қаласындағы үйдің құны кейбір да­мыған Еуропа елдеріндегі үйлердің бағасынан да қымбат екенін сарапшылар айтып жүр. Осы орайда бағасы ша­рық­таған үйді сатып алуға тек қалтасы қалыңдардың ғана ша­масы жетеді. Ал Алматыға жан-жақтан жұмыс іздеп ағыл­ғандар сол үйлерді жалдаудан басқа амалы жоқ. Осы­ны өз пайдасына тиімді пайдаланғандар бір­не­ше үйді қа­тар сатып алып, оларды жалға беріп, пайда та­буға көш­ті. Және пәтерақысын жыл өткен сайын көтеріп келе­ді. Бү­­гінде Алматы қаласындағы бір бөлмелі пә­терлерді жал­дау құны айына 60 000-70 000 теңге айна­ла­сында болса, екі бөл­мелі пәтерлер – 80 000 -120 000 теңге ара­лы­ғын­да. Үш бөлмелі пәтерлерді жалға беру ақысы­ның бұдан да жоғары екені айтпаса да түсінікті. Бір­неше үйді жалға бе­ріп қойса, ай сайын саусағын қимыл­д­атпай-ақ табыс та­уып, теңгенің өз аяғымен келіп, қалтаға түсіп  жататынын біл­ген «пысы­қай­лар» пә­терді жалға беруді кәсіпке айнал­ды­рып алды.
Сөзіміз дәлелді болуы үшін статистикаға да көз жү­гіртсек, Алматы қаласында 7 мың көпқабатты тұр­ғын үй мен 115 мыңнан астам жеке сектор тіркелген екен. Бірақ соның жартысынан астамында жалға пә­тер алушылар қоныс тепкенін құзырлы орындар анық­тап отыр. Осылардың тек 9200 пәтердің иесі ға­на жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлейтін тұл­ға атанған. Қалғандары – пәтерлерін астыртын өт­кізу­шілер.  Мамандар «бұл –әзірге 2 айдың ғана қоры­тындысы. Осы уақыт ішінде жалға өткізілген 5 мың пәтер қара тізімге ілікті. Алдағы уақытта мұның са­ны тіпті көбейе түсері даусыз» дейді.
Тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдан астам уақыт өтсе де, өз елінде, өз жерінде жүріп жалдамалы пә­тер­ді мекен ететін қазақтардың саны азаяр емес. Осы­дан жар­ты ғасыр бұрын айтылған «Алматы – қа­зақтың ас­танасы, ұйғырдың асханасы, орыстың бас­па­насы» де­ген сөз әлі де болса құдіретін жоймай тұр.  Рас, осы жыл­дар ішінде халықты тұрғын үймен қам­та­масыз ету­дің түрлі жолдары қарастырылып, мем­ле­кет тара­пы­­нан арнайы мемлекеттік бағдарламалар да қабыл­дан­­ды. «2005-2007 жылдарға арналған Мем­лекеттік тұр­­ғын үй бағдарламасы», одан кейінгі жыл­дары да жал­­ғасын тауып «2008-2010 жылдарға ар­налған Мем­­лекеттік тұрғын үй бағдарламасы» бо­лып ұзара түсті. «Қолжетімді баспана – 2020»  мем­ле­кеттік бағ­­дарламасы да – халықты тұрғын үй­мен қамтамасыз етуге бағытталған бағ­дар­ла­малардың бірі. Әйтсе де бұл бағдарла­малар да оңтүстік астана аталған қа­ладағы үйсіздер санын азайта алар емес. Осы орайда, шын мәнінде, жеңіл­де­тілген пә­тер­лер­ге нағыз тұрғын үйге мұқ­таж жан­дар­дың ғана қолы жетіп жатыр ма деген күдік туындары сөзсіз. Мәселе – осын­да. Өйткені сол бағдарламалар іске асы­рылып жатқан кездің өзінде пәтерлер­дің жең ұшы­нан үлестіріліп, нағыз мұқтаж жандар­ға жетпей қалып жатқаны жайлы да аз ай­тылмады. Олардың кейбіреуі әш­ке­реленіп, оларға қатысты қылмыстық іс те қозғалды. Әйтсе де «ебін тауып екі асап» үй­сіздерге арналған мемлекеттік бағдар­лама үйлерін де иемденіп алған үйлілер бар секілді.

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Нұрболат ӘЛІМЖАНОВ, әлеуметтанушы:
– Рас, Алматыда пәтер мәселесі күр­делі. Өз басым халықты үймен қамта­ма­сыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан бағ­дарламалардың әділ үлес­тіріліп жат­қанына күдікпен қараймын. Мәсе­лен, 2009 жылы «Көкжиек» ықшам­ау­да­нынан «2005-2007 жыл­дарға ар­нал­ған мемлекеттік тұрғын үй бағ­­дарламасы»  тізіміндегі халыққа үй бе­ріл­ді. Әйтсе де бүгінгі күні жарнама­лық газеттерде «Көкжиек» ықшамауда­нын­дағы үйін жалға берушілердің жарнамасы толып жүр. Аталмыш бағ­дар­­ла­маға нағыз үйге мұқтаж жандар­дың ғана құжаты қабылданғанын ес­кер­сек, олар үйін жалға бергенше неге өздері тұрмайды? Демек, бірнеше үйі бар адам қандай да бір жолдармен мем­лекеттік бағдарламаның қатысу­шы­­сына айналған. Бұл – бір ғана «Көк­жиек» ықшамауданындағы жағдай емес, осыған дейін мемлекеттік бағ­дар­лама бойынша салынған «Қалқа­ман» ықшамауданы мен «Максима» сау­да, ойын-сауық орталығының артын­да орналасқан тұрғын үйлер мен «Ма­мыр» ықшамауданындағы тұрғын үй­лерге де қатысты жайт.

Әлеуметтанушы маман үйсіздер мәсе­ле­сінің шешілмеуін осы бағытта жүргізіліп жатқан шаралардың әділ жүргізіліп жат­пағанынан іздейді. Шынында да, «Кры­ша» газетінен Алматы қаласының барлық бұрышынан жалға берілетін пәтер табуға болады. Мемлекеттік тұрғын үй бағдар­ламасы бойынша салынған «Көкжиек» ық­шамауданындағы тұрғын үйдің он шақты жарнамасын «Крышаның» соңғы нөмірінен де таптық. Мәселен, «2-ком­нат­ная, помесячно.   Алматы, Же­тысус­кий р-н, мкр «Кок­жиек». Мо­но­литный дом, этаж 4 из 6, пло­щадь 64 м2, хоро­шее состояние, сану­зел раз­дельный, телефон отдельный, ин­тернет ADSL, чис­тая, уютная, холо­диль­ник, стираль­ная машина-авто­мат, кабельное ТВ, + квартплата, се­мей­ным, на длительный срок. 21 просмотр 8 октября». Бұл секілді «Көк­жиек» ық­шам­ауданындағы мем­лекет­тік бағдар­ламамен тұрғызылған тұрғын үйдің жар­намасы газетте көп-ақ. Және жарнаманың бір күннің ішінде 21 адам­ның қызы­ғушылығын тудырғанына қа­рап Алматы­дағы пәтер мәселесінің күр­делі екендігіне көз жеткізесің.
Осы орайда айта кетер жайт – бұл мәсе­лелер жаңадан бой көтерген Астана қала­сына да тән. Бүгінде астаналық «Кры­ша» газетінен де сол жағалаудың кез кел­ген жерінен пәтерлер табуға болады. Қал­та­сында қаржысы барлардың жаңадан салынып жатқан кез келген тұрғын үйден пәтер сатып алуына мүм­кіншілігі бар. Ал жеңілдетілген бағамен арнайы мұқтаж жандар үшін салынған үйлердің көп ұза­май-ақ пәтерге берілуіне қарап осы бағыт­тағ­ы бағдарламалардың әділдігіне, шыны­мен-ақ, күмәнмен қарайсың. Оның ішінде Астана қаласында ең алғашқы жылдары мем­лекеттік тұрғын үй бағдар­ламасы бо­йын­ша бой көтерген «Жеті бөшке» тұрғын үй кешенінің де бірнеше пәтері жал­дамалы пәтерге берілетіні жай­лы жар­на­мамен газетте жүр. Осы орайда мә­жі­ліс­мен Алдан Смайыл мырза «тұрғын үй мә­се­лесі осы ба­ғытта жүргізіліп жатқан мем­­лекеттік бағ­дар­ламаларды қатаң қа­да­ғалауда ұстау  ар­қылы ғана шешіледі» дейді.
Алдан СМАЙЫЛ, Мәжіліс депутаты:
– Тұрғын үй мәселесі – қай қоғамда болсын шешімін таппай келе жатқан өзекті жайт. Кеңес Одағы кезінде осы мәселені те­зірек шешу үшін үнемді, шағын 3-4 қабат­тық «хрущевтік» тұр­ғын үйлерді қаптатып сал­ған еді. Сон­дықтан біз де қолжетімді ба­ғадағы осын­дай үйлерді молырақ салуы­мыз керек. Және ол үйлердің әділ үлес­тірілуін жоғарыдан қатаң түрде бақы­лау қажет. Дәл қазіргі таңда тұрғын үй мәселесін шешудің оңтайлы жолы – осы ғана. Егер Алматы қаласына жыл сайын жан-жақтан ағылып халық келіп жатпаса, Алматының өз халқын дер кезінде қамтамасыз етіп болар едік. Мә­селен, Алматы, Астана, Атырау секіл­­ді ірі қалаларымызға аймақтардан ағыл­ған халық толастар емес. Мемле­кет­тің жоспарлағанынан халықтың ағылуы асып кетіп отыр. Ал ауылда бос қалған үйлер көп. Шағын қалаларда да көпқабатты талай үйлер босап қалуда. Егер еліміздегі барлық аймақ бірдей дамыса, әр аймақтың халқы өз жерінде тұрақтап қалса, бұл мәселе болмас еді. Сондықтан біз әрқашан барлық аймақ­тың қатар дамуын басты назарда ұста­уымыз керек.  

Мақала жазу барысында Алматы қа­ласын­да жаңадан салынып жатқан «Шах­резада» тұрғын үй кешеніне де бас сұқтық. Пә­терді жалға алушының кейпіне еніп бар­ған бізге кіреберісте отырған вахтадағы апай да, осы тұрғын үйді сату бөліміндегі қыз­мет­керлер де бүгінде пәтер қожайын­да­рының са­тып алған үйін жалға беріп жат­қанын жа­сырмады. Соңғы рет екі бөл­мелі пәтер жал­дау­шыларға 120 мың тең­геге өткізілген. Дәл қа­зір бос пәтер жоқ, бір­ақ пәтер іздеп келіп жат­қандар көп еке­нін жеткізді. «Шахрезада» тұр­ғын үй ке­шенінің әлі салынып бітпегенін ес­кер­­сек, пәтер­ді жалға беруді кәсіп еткен­дер­дің үй са­лынып бітер-бітпестен сатып алып, жал­ға өткізуге асығатынын ұққандай бол­дық. Сондықтан алдағы уақытта «Алма­ты мен Астана – қазақтың баспанасы» ата­луы үшін күресу қажет секілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста