Қазақстанда "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2,4 трлн теңгеге 369 мектеп салынады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Sputnik.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
Ұлттық жоба апатты мектептерді, үш ауысымда оқытуды және оқушылар орнының тапшылығын жоюға бағытталған.
Жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа бағыттағы 369 заманауи мектеп салу жоспарланып отыр.
Үкіметтің мәліметінше, қалаларда – 205, ауылдарда 164 білім беру нысаны салынады.
217 ғимараттың құрылысын 2024 жылы, тағы 152 ғимаратты 2025 жылы аяқтау жоспарланған.
Жалпы жобаны жүзеге асыруға барлығы 2,4 триллион теңге бөлінеді.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz