Жаяу жүргіншілерге зебра көмектеседі

Қостанайлық жол по­ли­ция­сы қызметкерлері «Абай­лаңыз, балалар!» жедел ал­дын алу шара­сының аясында ерекше акция өткізді. Қала­да­ғы адам аяғы көп жүретін Гоголь көшесінде көлік жүр­гі­зу­шілері мен жұрт­шы­лық жүргіншіге арналған жолақтан нағыз жолақты зеб­раның өзін көрді. Жол үстіндегі жолақтан өтіп бара жатқан жолақты зебра соңынан балаларды ертіп алыпты. Жайшылықта алды-артына қарамай зырғытып өте шығатын көлік жүргізушілер мұндайда тоқтамай көрсін енді.

Қостанай облысының жол полиция ІІД бастығы Өмірбек Сүлейменовтің сөзіне сүйен­сек, жол үстіндегі адам жүретін жо­лақ­та көлік жүргізушілері ережені сақ­та­май­ды екен. Бұл орайда жүргіншілерге де, көлік жүргізушісіне де жол ережесі қан­ша­лықты түсінікті болғанымен, қайғылы жағ­дай­лардың саны азаймай отыр. Осындай абай­сыздықтың салдарынан жыл басынан бері 184 жол оқиғасы тіркелген.
Көпшілік үшін бүгінгі күннің басты кейіп­кері болған зебраны жол полициясы қыз­меткерлерінің қайдан алғаны таң­да­нар­лық жай болды. Сөйтсек, аталмыш акция­ны өткізбес бұрын көпшіліктің наза­рын аударарлық жай керек болыпты. Олар бұл орайда «Қазақ тұлпары» жылқы зауы­ты­ның басшылығына қолқа салса керек. Дегенмен мұнда зебра атымен жоқ екен. «Іздеген табады» демекші, зебраның рөлін ойнаған кәдімгі «Чиф» есімді пони болып шықты. Полиция қызметкерлері қара түсті по­ниді шашқа арналған лакпен бояп, нағыз зебраға айналдырса керек. Ал по­ниі­міз болса, қазір дін аман. Аяқасты зеб­ра­ға айналғанын өзі түсінбесе де, «жасан­ды зеб­рамен» фотоға түсушілердің қатары көп болды.
Ең бастысы, бұл күннің мақсаты жаяу жүр­гіншіге де, жүргізушіге де түсінікті болып, алдағы уақытта сабақ болса бол­ға­ны.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста