Жастар өрт сөндіргіш құралды іске қосып, одан шыққан бумен қоғамдық орында өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1999 жылы туған К.Әлиакбаров, 2002 жылғы А.Армиянов және оператордың (қазіргі уақытта жеке басы анықталып жатыр) іс-әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша квалификацияланған. 19 жастағы А.Армиянов мұның алдында да метрода әуендік колонкамен жасалған пранктерге қатысқан және осыған дейін ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл әрекеттер айыппұлды немесе әкімшілік қамауға алуды көздейді. Жинақталған әкімшілік іс жүргізу материалы шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Жақында Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен К.Әлиакбаров (бейнетаспада қолында өрт сөндіргіші бар) әкімшілік қамауға алынды. Оның серіктесі А.Армияновқа және операторға қатысты тексеру жалғасуда, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.
Еске сала кетейік, Осыдан біраз уақыт бұрын Алматыдағы жаяу жүргіншілер көп жүретін орындардың бірінде үш жас жігіт өрт сөндіруге арналаған құралдан бу шығарып, тұрғындарды шошытқан видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын.