«Ынтымақты отбасы» сайысының берері көп

Жақында Алатау аудандық №82 жалпы білім беретін мектептің 4 «А» сынып оқушылары арасында «Ынтымақты отбасы» сайысы өтті. Сайыс барысында оқушылар мен олардың ата-аналарының күнделікті оқу бағдарламасы аясында өтілетін сабақ тақырыптарымен қоса, ұлттық әдет-ғұрып, мақал-мәтел, танымдық сұрақтарға қатысты жауаптары сараланды.
Сондай-ақ ата-аналардың балалары­мен бірге белгілі бір уақыт ішінде ұлттық ою-өрнектермен көмкерілген сән үлгілерін ойлап табуға тырысуы, пісірген ұлттық тағамдардан өзара бақ сынасуы, сахналық қойылымдары сабақ барысын қыздыра түсті. Айта кетерлік жайт – ұлттық мақал-мәтелдер мен халқымыздың аңыз-әңгіме­леріне қатысты байқау барысында жас ұрпақтың орыстілді ата-аналарын алға сүйрелеп, мақал-мәтелдердің мәнін ұқ­тыруға тырысып, тіл сайыстарында үлкен­дерді өрге сүйрегенін көріп қуанып қалдық. Өткенмен салыстырғанда келе­­­­шегіміздің қазақылыққа бет бұра бас­тағанын аңғарғандай болдық. Сондай-ақ бүгінгі күні мектеп, ұстаз, ата-ананың баланы бірге тәрбиелеуге күш салып, тәрбие сағаттарын жұмылып бірге өткізуге ниет танытуы ұрпақ тәрбиесін шыңдай түсетініне көз жеткізгендей болды.
Динар ҮРМЕТҚЫЗЫ, сынып жетекшісі:
– Білім мен тәрбие егіз. Жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, ұдайы ұлттық тәлім-тәрбиені бойына қатар сіңіріп отыру қажет. Біз сонда ғана заманауи білім нәрі мен ұлттық құндылықтарды бойына қатар сіңірген ұрпақ тәрбиелей аламыз. Тәрбие сағаттарының да басты мақсаты – осы. Бойынан қазақылықтың иісі аңқыған оқушыларымның қазақ тіліне қатысты сайыстарда ата-аналарының да алдына түсіп жатуы біздің ұрпа­ғымызбен бірге тіліміздің де ертеңінің жарқын екеніне сендіреді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста