Ығып кеткендер табылды

Балқаш қаласынан шығысқа қарата 100 шақырым қашықта орналасқан Балықтыкөл шығанағы тұсында жағалаудан бөліне сынған мұзбен бірге ашық айдынға шығып кеткен балықшылар табылды. 22 желтоқсан күні кешкісін соққан қатты жел көлемі 2,5х2 шақырым болатын мұз бөлігін айналасы бір тәулікте жағалаудан 19 шақырым қашықтықтан бір-ақ шығарған. Мұз үстінде «Москвич» маркалы көлік пен үш адам бір жарым тәулік уақыт суық жел өтінде қалған екен. Үшеудің бірі суықтан қаза тапқан.

22 желтоқсан күні кешкісін Ақжайдақ елді мекенінің тұрғындары жеткізген хабар арқылы іздеу жұмыстары шұғыл басталып, 23 желтоқсан күні Алматыдағы «Қазәуеқұтқару» қызметінің тікұшағы ашық айдын үстінен балықшыларды тапса, жағалауда іздестіру жұмысын жүргізген құтқарушылар Жалғызағаш қыстағы маңынан үскірікте қалған екі балықшыны тапқан.

Әмина ДИҚАНБАЙ, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің Балқаш қалалық бөлімшесінің баспасөз қызметінің өкілі:
– Жылдың бұл уақытында мұзайдынға шығып, балық аулауға тыйым салынады. Қауіпсіздік шараларын қадағаламаған азаматтар осындай жайға ұшырап отыр. Сол 22 желтоқсан күні таңертеңгілік ауа райы жылымық тартып тұрған, кешкісін күрт бұзылып, қатты жел тұрған. Сынап бағанасы 25-27 градус аязды көрсеткен болатын. Жағалауға соққан жел ақыры қатқан мұзды сындырып тыныпты. Балықшылардың барлығы – Саяқ елді мекенінің тұрғындары. Қайтыс болған азамат Саяқ кенішінде күзетші болып жұмыс істейді. Бәрінің де отбасы бар. Қазір тірі қалған төрт балықшы Балқаш қалалық ауруханасында ем алуда. Жағдайлары қалыпқа келуде. Барлығының дерлік аяқ-қолдары үсіген...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста