Халықаралық банктен қарызға алған 345 млн еуро қайда жұмсалды?

Халықаралық банктен қарызға алған 345 млн еуро қайда жұмсалды?

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
 
 
Депутат Еділ Жаңбыршин министрден халықаралық банктен алынған қаржының қайда жұмсалғаны туралы сұрады.

Былтыр Қазақстан халықаралық қайта құру және даму банкінен 345 млн еуро қарыз алған болатын. Осы мәселеге байланысты заң жобасын талқылаған кезде осы алынған қарыздар республикалық бюджетте қарастырылған әлеуметтік және басқа да мәселелерге жұмсалады. Бюджет тапшылығымен толығымен жабады деп айтқан болатынсыздар. Депутаттар бұл алынған қарыздың қандай шығысқа жұмсалатынына қатысты бірнеше сұрақ қойды. Біз сол кезде тұщымды жауап ала алмадық. Алынған қаржы қандай мақсаттарға жұмсалды? Ол игерілді ме? Игерілсе, қандай бюджеттік бағдарламалар мен нысандарға бағыттадыңыздар? -  деді мәжілісмен.
Қаржы министрі несиеге алынған ақшаның қайда кеткенін айтты.

Өздеріңіз білесіздер, сырттан алған қарыздың, әсіресе халықаралық қаржы ұйымдарынан алынатын қарыздардың талаптары өте қатаң. Сондықтан оның факторлары өте көп. Макроэкономикалық тұрақтылық, елдің рейтингі сынды талаптары бар. Осы дүниежүзілік банктің талаптарына келер болсақ, олар елімізде жүргізіліп жатқан нарықтық реформалар мен құрылымдық реформалардың нәтижелеріне баға беріп отыр, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Айтуынша, халықаралық қаржы ұйымы жақсы баға берген соң несиені бізге жеңілдікпен берген.

Атап айтқанда, 345,7 млн еуро жақын арада игерілді. Бюджетті талқылау кезінде ол әлі толық игеріліп болмағандықтан сізге толық жауап берілмеген еді. Қазір толығымен игерілді. Бұл әлеуметтік бағыттарға және экономикалық дамуға жұмсалып отыр. Мәселен, атап айтқанда, өңдеу өнеркәсіптерін дамыту үшін жеңілдетілген несие беріліп отыр. Бізде теміржолда жүретін вагондардың барлығы ескірген. Сол вагондарды сатып алу үшін «ҚТЖ»-ға арнайы несие ретінде берілді. Бұл қаражат қайтарымды. Қаражат толығымен игерілді және экономикамызға жұмыс істейтін болады, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста