Вундеркиндтердің басын бағалап отырмыз ба?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Жуырда отандық телеарналардың бірінен Қарағанды қаласындағы екі жасар вундеркинд (қазақша айтқанда – оқып туған) бала жайлы хабар таратты. Қатарынан асып туған Артем Морозов ағылшын әліпбиінің 26 әрпін жатқа біліп, компьютерде жаза алады екен. Әлі ойын баласы саналатын Артем ойыншық атаулыдан бас тартып, компьютермен көбірек әуестенетін көрінеді. Таңғаларлығы, балдырған жеті айлығында сөйлеп кетіпті. Бір жарым жасында кириллицаның күллі әрпін танып, 100-ге дейін санай білген.
Айналасындағыларын таңғалдырған таңғажайып ба­ланың аяғына тұсау болып отырған кедергілер де жоқ емес екен. Вундеркиндтің анасы Татьяна Морозо­ва: «Біз дарынды балаларды оқытатын орындарға ба­рып көрдік. Бірақ біздің қалада мұндай жасы кіші ба­ланы ешкім қабылдамайды. Негізінен, ағылшын тілі мен шет тілін балаларға 4-5 жастан бастап қана оқы­та­ды екен», – деп отыр. Иә, елімізде мұндай заманынан асып туған вундеркиндтер көп емес. Бірақ баршылық. Ерте оянып, қатарластарын артта қалдырған мұндай керемет балаларды ең бірінші кезекте мектепке қабыл­дау мәселесі шешілмеген. Қайда барса да олар үшін білім ошақтарының есігі жабық. Оған мысал... Шым­кенттік Айдын есімді қыз бала төрт жасында-ақ оқу, жа­зуды, есептеуді шемішкеше шағып, мұғалімдерді таң­ғалдырған болатын. Көбейту кестесін көзін жұмып зуыл­дататын Айдынды білім саласының мамандары мектепке қабылдаудан бас тартқан. Өйткені қалада бі­рін­ші сыныптан бастап қабылдайтын дарынды ба­ла­лар­ға арналған мектеп жоқ болып шықты. Ал бүкіл бі­рінші сыныптың бағдарламасын меңгеріп алған ке­ремет баланы екінші сыныпқа қабылдай қоюы да екі­талай екен. Мұның себебін білім басқармасындағылар бі­­лім туралы заңмен түсіндіреді. Орта білім ошақтарына ал­ты жастан бастап қабылдау керектігін алға тартады. Бол­­ды, бітті. Қатарластарынан озып туса да өз дең­ге­йіндегі «қатарластарынан» қалып қойғанына қоғам кінәлі ме?
Бұл мәселе жуық арада шешімін табатынға ұқ­самайды. Еліміз вундеркиндтер тасқынының ас­тында қалып отырған жоқ. Дегенмен өз қатарынан бір бас озық туғандардың тағдыры тасада қалып кете бе­реді. Ал еліміздегі «Дарын» мектептеріндегі оқушы­лар­дың барлығын да вундеркинд дей алмайсыз. Бірақ олардың қатардағы қарапайым мектептердегі оқушыларға қарағанда білім сапасы да, қабілеттері де жоғары екені рас.
Вундеркиндтерді 2-4 жасынан бас­тап оқыту мәселесін осы бастан қол­ға алу қажет сияқты. Білім бас­қар­­масындағылар мұндай бала­ларды лицейге, гимназияға бе­руге болады дейді. Тағы да бір «бірағы» бар. Сол баяғы стандарт бойынша алты жастан бастап қабылдау деген алдыңыздан шығады. Интеллектуалды мектептің өзіне де алты жас деген асу бар. Бұдан бөлек, мектепті аттап бітірген балалардың жо­ға­ры оқу орнына түсуі де қиямет-қайым. Мә­селен, осыдан 22 жыл бұрын 14 жа­сында студент атанған Арыстанбек Нұр­ма­хановтың аты әлемге әйгілі болған-тұғын. Жиырма жасында ғылым кандидаты атан­ған «алтын баланы» институтқа қа­был­дау жағы да оңайға түспепті. Әзер дегенде түс­кен екен. Сол сияқты бүгінгі вун­дер­кинд­терге барынша жағдай жасау жағы қа­растырылса игі еді…

Англиядағы Итон және Хэрроу мектеп­теріне баланы алты жастан беру кешігу деп есептелінеді. Бұл мектептерге бала туы­ла салысымен кезекке тұру керек. Осын­­дай элиталы мектеп-пансионаттарға ше­тел­діктер үшін квота бөлінеді. Бри­тандық жа­бық мектептерде тек вундер­кинд­тер ғана оқи алады. Озық ойлы ба­лалардың мем­лекеттің байлығы екеніне жапондықтар әл­деқашан-ақ көз жеткізген. Ол үшін қыр­уар қаржыны да аямайды. Ал Израйльде вун­дер­киндтерді оқытатын арнайы жабық мек­тептер бар. Әрі ол мем­ле­кеттік құпияға жатады. Сондықтан да он­дағы оқу бағдар­ла­масы туралы, оқыту­шы­лар туралы мә­лімет алу мүмкін емес. АҚШ-та «алтын ба­ла­ларға» ар­налған арна­йы жүйе жұмыс іс­тейді. «Brain drain» «ми­лар ағысы» деген сөз, не­гізі, АҚШ-та пайда болған. Англияда «Ұлт­тық био­графия сөздігі» жыл сайын жария­ланып тұ­рады. Онда вундеркинд­тердің ара­сынан жарып шыққан жарық жұлдыз­дардың есімі жарияланады. Онда 1030 аты атал­ған ұлы адамдардың 292-сі вун­дер­­кинд­тердің арасынан шыққан. Ал Фран­цияда 287 ұлы адамның 231-і 20 жасқа жетпей-ақ ірі жетістіктерге қол жет­кізген. АҚШ-та 282 дарынды баланың өмі­ріне зерттеу жүргізгенде белгілі болғаны олар­дың 105-і таңғажайып нәтижелерімен таң­­ғал­дыр­ған.
1989 жылдан бері Мәскеудегі Ресей білім академиясының Психология инс­ти­ту­тында вундеркинд балалармен жұмыс іс­тейтін арнайы зертхана ашылған бо­латын. Соның арқасында дарынды ба­ла­ларға арналған мектептер ашылды. Онда ба­лаларды бес жасынан, кейбірінде тіпті төрт жасынан бастап қабылдайды. Баш­құрт­­станда вундеркиндтер банкі құрыл­ған. Мұн­да бүгінде бес жарым мыңнан астам фа­милия тіркелген. Шетелдіктер вун­­дер­киндтерге барынша жағдай жа­сау­да. Ра­сында, оның нәтижесін де көріп отыр. Ал бізде бұл жағына бас қатырып жат­­қан еш­кім жоқ. Білім және ғылым ми­нис­трлігі жыл сайын реформалаудан көз аш­пай ке­леді. Бірақ онда осы вундер­кинд­терге ар­налған бірде-бір пункт жоқ. Әр­да­йым назардан тыс қалып кете береді. Қо­ғамның ерекше құндылығы болып са­на­латын «ал­тын балаларға» қашан жағдай жасаймыз? Қолда бар алтынның қадірін кеш түсініп жүр­мейік...
Нұрхан ЖАМАЛОВА, қалалық білім бөлімінің әдіскері:
– Қаладағы барлық «Дарын» мек­тептеріне 5-сыныптан бастап қабыл­дайды. Әзірге 1-сыныптан бастап оқы­татын мұндай мектептер жоқ. Егер бала аса қабілетті болса, онда гимназияда оқытып, кейіннен «Дарынға» ауысты­руға болады. Білім стандарт­тарына сай, баланы мектепке тек алты жастан бастап қана қабылдайды.

Жанар Әуелбекова, психолог:
– Балабақша жа­сындағы қабілеті жоғары вундеркиндтердің оқу бағ­дар­ламасын меңгеріп кететіндей күш-жігері бар ма, алдымен соны тексеру ке­рек. Аса дарынды болса да жасы кіші ба­ланың 45 минут бойы сабақта тап­жылмай отыруы физикалық жағынан қиын­­ға соғып жатады. Тіпті 1-сынып­тың бағ­­дарламасын толық меңгерген күн­нің өзінде сол сыныпқа апарып отыр­­ғыз­са, ол тез жерініп, оқуға деген, біл­сем деген құштарлығын жоғалтады. Сон­дықтан да олардың біржақты да­мып, екінші жағынан, кембағал болып қал­мауын қадағалау қажет. Оның фи­зи­калық, физиологиялық даму үде­ріс­терін уақытынан бұрын асықтыруға бол­­­майды. Құштарлығымен қа­тар, қор­­­­­шаған ортамен үйлесімін жоғалт­пай же­­­тілуіне күш салу керек.

Вундеркинд-анықтама
Вундеркинд сөзін неміс тілінен аударғанда «керемет бала» болып шығады. Қосымша синонимдермен әспеттегенде «жарақатты бала» я болмаса «жарақаттанған балалық шақ» деп атауға да болады. Шын мәнінде ол балалар өздерінің ерте оянған қабілеттері үшін қоғамнан, ересектерден көп «таяқ жейді» екен.

Вундеркинд-тарих
Өзінің теңдесі жоқ таңғажайып қабілетімен тарихта қалған вундеркинд бала 1921 жылы Германияда туған. Кристиан Фредерик Гейнекен сегіз айлығында ересектермен тең дәрежеде сөйлесетін болған. Екі жасында Інжілдің тармақтарымен танысып шығып, үш жасында жатқа айтқан. Құртақандай үш жасында тарих пен географиямен айналысып, латынды меңгеріп, французша оқитын болған. Төрт жасында бала өзінің о дүниелік болатынын болжаған. Өкінішке қарай, рас болып шықты. Ал 1963 жылы кореялық Кимді дүниежүзі тамсанып айтатын болды. Таңғажайып бала төрт жасында интегралды есептеулерді қиналмай шешкен. Алты жасқа дейін төрт тілді еркін меңгерген. Оның интеллектуалды көрсеткіші ІQ 210-ға жеткен. Ол дүниеге келгенге дейін мұндай көрсеткіш 200-ден жоғары болуы мүмкін емес деп есептелінген екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста