Елімізде автокөліктерге арналған қымбат нөмірлер сатыла бастады. Яғни бұған дейін тамыр-таныс арқылы таратылып келген вип-нөмірлерді енді еркін сатып алуға болады.
Бұл туралы Жетінші арна хабарлайды.
Бірақ бағасын кез-келгеннің қалтасы көтере алмайды. Өйткені сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің құны жарты миллион теңгеге жетіп жығылады.
Бұдан былай 001 немесе 777 секілді нөмірлерді көлігіңізге таққыңыз келсе қаржыңызды қамдаңыз. Себебі "Жолда жүру ережелері" туралы жаңа заңға сәйкес жоғары сұранысқа ие бұл мемлекеттік тіркеу нөмірлері 423 мың теңгеге сатылады.
Ал 555, 700 секілді мемлекеттік нөмірлер 254 мың теңгеге бағаланады екен.
Алайда қарапайым халық үшін қолжетпес нөмірлер қалталыларға қиындық тудырмайтын секілді. Себебі бүгіннің өзінде Алматы қаласында жалпы құны 2 миллион теңгеге бағаланатын қымбат нөмірлер сатылған.
"20-шы қазаннан бастап 4 сағаттың ішінде осындай 5 нөмір сатылды. Егер бір нөмір сатылса екінші серияның тура сол нөмерін әкеліп қоямыз. Шектеу жоқ. Барлық нөмірлер қолданыста бар", - дейді Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Жандулла Шайхиев.
Алматы ғана емес Астана қаласында да қымбат нөмірлерге деген сұраныстың жоғары екені байқалады. Себебі Елордалық бес азамат бірден вип нөмірлерге тапсырыс беріпті.
Сондықтан осы сұранысты ұтымды пайдалану үшін құзырлы орындар оның бағасын тағы да қымбаттатуды көздеп отыр.
"Мониторинг жасаймыз. Халық қай нөмірге қызықса сол нөмірдің бағасын көтереміз. Қаржы министрлігімен бірге көреміз енді қалай боларын. Заң бойынша жасаймыз бәрін", - дейді Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Бауыржан Наханов.
Мониторинг жасаймыз. Халық қай нөмірге қызықса сол нөмірдің бағасын көтереміз.
Жаңа заңның тағы бір ерекшелігі сатып алған қымбат нөмірлерді өмірбақи пайдалануға болады екен. Яғни көлігіңізді сатқан жағдайда құзырлы орындарға арыз жазып, мемлекеттік нөмірді сақтап қала аласыз.
Алайда тәртіп сақшылары әдемі нөмір аламын деп алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды ескертуде. Себебі қымбат нөмірлер жеке қолда емес тек мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана сатылады.
NUR.KZ
VIP нөмірлері қымбаттайды
Последние статьи автора