Вакцинадан қайтыс болған тұрғын: Тексеру қорытындысы шықты

Алматыда вакцина салдырған соң  қайтыс болған медициналық қызметкерге қатысты тексеру жұмыстары аяқталды.  Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният хабарлады деп жазды kznews.kz.

«Вакцинадан қайтыс болған алғашқы жағдай Алматы облысында тіркелген болатын. Қайтыс болған әйел біздің әріптесіміз, қалалық перзентханада жұмыс істеген. Комиссия бұл оқиғаға қатысты тексеруді аяқтады. Оның созылмалы аурулары болған, жүрек ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған, бірақ тұрақты түрде тексерілмеген, тиісті дәрілерді қабылдамаған. Комиссия вакцина салудағы санитарлық нормалардың сақталуын да тексерді. Сот-медициналық тексерудің, комиссия шығарған нақты шешімнің нәтижесіне сәйкес, дәл сол вакцина ол адамда вирусемия туғызуы мүмкін емес. Ол адамның созылмалы ауруы болған және сол аурудан қайтыс болған. Өлімнің вакцинаға қатысы анықталмады», – деді Ажар Ғиният.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда дәрігер вакцина салдырғаннан кейін екі күн өткенде үйінде құлап, қайтыс болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста