Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы күш біріктіріп жатыр

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ (фотолар)

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше Мәскеуде болып, аймақтық деңгейдегі бірқатар шараларға, атап айтқанда  ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің (ЖЕЭК) отырыстарына қатысты. Аталған іс-шаралар мемлекет басшыларының қатысуымен Мәскеудегі Үлкен Кремль сарайында өткен болатын.
ҰҚШҰ ҰҚК-нің сессиясына Қазақстан, Армения, Бела­русь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Президенттері қа­тыс­ты. Жиында заманауи халықаралық ахуал мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге қатысты мәселелер талқыланды. ҰҚШҰ ҰҚК сессиясы аясында кеңейтілген құрамда халықаралық жағдай үрдістері мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру шаралары, 2020 жылға дейінгі ҰҚШҰ әскери бөлігін дамыту, төтенше жағдайларға ұжым­дық жауап қайтару жүйесін дамытудың негізгі бағыттары, 2015 жылға дейінгі орташа мерзімдік перспективаға Ауғанс­тандағы жағдайдың дамуына болжам мәселелері талқыланды.
Жиында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азиядағы тұрақсыз жағдай ҰҚШҰ елдері үшін әуе шабуылына қарсы ортақ қорғаныс жүйесін құруды қажет ететінін атап өтті. «Орталық Азиядағы жағдай ұйымның ерекше назарында. Ол үнемі өзгеріп отыр, өкініш­ке қарай, тынышталмай отыр. Дәл сол себепті орталық­азия­лық бағытта біздің есірткі трафигімен күрес, ҰҚШҰ жедел әре­кет етуші ұжымдық күштерді (ЖӘҰК) нығайту мен же­тілдіру, ортақ ӘҚЖ құру бойынша бірлескен жоспарларымыз жүзеге асырылуда», – деді Н.Назарбаев сәрсенбі күні Мәскеу­де ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген отырысында.  «Біздің алдымызда жақын келешекте шешуіміз қажет көптеген міндеттер тұр және бірінші кезекте біз уағда­лас­қандар: жағдай ушықса, нағыз әскери күштер құру үшін ЖӘҰК әскери құрамдасын нығайту, сәйкес көлікпен қамта­масыз ету, әскери-техникалық қамсыздандыру», – деді ол. «Бізді бейбітшілік тура­лы ортақ көзқарас, мемлекет­тер арасындағы қатынас­тар құрылатын қағидалар және біздің шекараларымыздың маңындағы халықаралық қатынастар­да қалыптасатын үрдістер біріктіреді.

Біз кез келген даулы мәселелерді шешу кезінде халықаралық құқықтың басым­дығын, егемендікті сөзсіз құрметтеуді, ұйымның барлық мүшелерінің мүдде­лерін ескеруді қолдай­мыз», – деп мәлім етті ҚР Президенті. «ҰҚШҰ базасында төтенше жағдай­ларға ұжымдық реттеу жүйесін дамыту маңызды деп есептеймін. Біздің елдеріміз­дің тәжірибесі және әлемдік практика көрсеткендей, ТЖМ қызмет­керлерінің дүлей апат кезінде құтқару операцияларын орындауы жиі кездеседі. Осындай жағдай­да бір-бірімізге көмек­те­суіміз үшін арнайы топ құрып, оларды да­йындап және арнайы техникамен қам­тамасыз етуіміз қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осыған байла­нысты Мемлекет басшысы бұл бағыт біздің еліміздің төрағалығының басты бағытта­рының бірі болғанын атап өтті. Қазақстан бірлескен іс-қимылдар өткізу үшін ТЖМ «Шыңды қала Астана» оқу-жаттығу поли­го­нын ұсынды.
Н.Ә.Назарбаевтың айтуынша, ұйым­ның жауапкершілік аймағында  ШЫҰ, НА­ТО, ЕҚЫҰ, АӨСШК сияқты басқа да көп­жақ­ты қауіпсіздік институттары жұмыс іс­тей­ді. «ҰҚШҰ құрылымдық ықпал­дас­тықты көздейді», – деді ҚР Президенті. Сон­дай-ақ ол Біріккен Ұлттар Ұйымындағы жә­не басқа да халықаралық ұйымдардағы жұ­­мыс­ты үйлестіруді жалғастыруды, ха­лық­а­ралық қатынастардың принципиалды мә­селелері бойынша ортақ позицияны ке­лі­суді қолдайтынын жеткізді. Н.Назарбаев оты­рыстың қорытындысы бойынша, бұл са­лада ұйым шеңберіндегі қызметке тың серпін беріліп қана қоймай, әділ баға да берілетініне сенім білдірді.
Қазақстан Президенті ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларына Қазақстан­ның ҰҚШҰ-ға төрағалық етуіне қолдау мен көмек көрсеткендері үшін алғыс біл­дір­ді. Ұйым қабылдаған тәртіпке сәйкес, кезекті сессияаралық кезеңдегі төрағалық өз басымдығының тұсаукесерін жасаған Қырғыз Республикасына ауысты.
Бұған дейін хабарланғандай, ҰҚШҰ әскерлерінің құрылымы жетілдіріледі, келешекте ӘҚЖ-ЗҚҚ біріктірілген жүйесі құрылады. 2012 жылдың соңында ҰҚШҰ әскери комитеті құрылады. «Ұжымдық қауіпсіздік кеңесіне мүше мемлекеттердің шешімімен ҰҚШҰ аясында ҰҚШҰ әскерле­рі, ұжымдық күштер құрылғанын хабарла­ғым келеді. Бұл әскерлерге бұрын болған құрылымдардың бәрі – жедел әрекет етуші күштер, бітімгерлік контингенттер, екіжақ­ты топтар, Орта Азия аймағының жедел жою күштері біріктірілді. Бұл әскерлерге арнайы операциялар және т.б. жүргізу үшін күш беріледі», – деп мәлім етті ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа.
Күннің екінші жартысында ЕурАзЭҚ мүше бес  мемлекеттің, Қазақстан, Белару­сь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан прези­денттері ЕурАзЭҚ-тың жоғарғы ор­га­ны – Мемлекетаралық кеңестің отыры­сын өткізді. Қауымдастықты одан әрі қайта құрылымдау және оның құрылымын оңтайландыру ЕурАзЭҚ-тың бұл саммиті­нің күн тәртібіндегі негізгі мәселе болды. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің басшы­лары ұйым қызметінің қаржылық мәселе­лерін қарастырды. ЕурАзЭҚ-тың 2011-2013 жылдарға арналған Халықаралық қызметінің тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуына, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-тың «Инновациялық биотехнологиялар» және «Уран өндіру өнеркәсіптерінің ықпалына шалдыққан ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекет­тер территорияларының топырағын қалпына келтіру» мақсатты бағдарламала­рына баға беріліп, 15 шақты құжатқа қол қойылды. Отырыста сөз сөйлеген РФ Президенті Владимир Путин қоғамдастық­тың өз алдына қойған мақсаттарын орын­дағанын атап өтті: Кедендік одақ өз жұмы­сын бастады, Бірыңғай экономикалық кеңістік іске қосылды, Ортақ реттеу органы – Еуразиялық экономикалық комиссия құрылды. РФ Президенті отырыстың мін­деті – Еуразиялық экономикалық одақ құрылғаннан кейін ЕурАзЭҚ-тың  2015 жылға дейінгі қызметінің ауқымы мен өлшемдерін қалыптастыру екенін атап өтті. «Енді көпжылдық жұмысының соңында ЕураАзЭҚ БЭК-ке ықпалдастықты одан әрі тереңдету бойынша функцияларды тапсыруда. ЕурАзЭҚ қызметі саласының өкілеттігі айтарлықтай қысқарады, бұл бірлестікті қайта құру қажеттігін білдіреді», – деді ол. ЕурАзЭҚ бас хатшысы Таир Мансұровтың айтуынша, аталған мекеме алдағы уақытта, негізінен, мемлекетаралық әлеуметтік-гуманитарлық істермен шұғыл­дана алады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста