Үш жасар бала сынапты ішіп қойды

Үш жасар бала сынапты ішіп қойды
Ақмола облысының Аршалы ауданында сынаптан уланған бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "Алаш айнасы" порталы облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Ресми ақпаратқа сәйкес, кеше, ақпанның 18-і күні, сағат 15:00-де аудандық ауруханаға үш жасар бала жеткізілді. Диагноз - ауыр металдармен улану. "Ата-аналардың сөзіне қарағанда, бала қызуөлшегіштің ішіндегі сынапты ішіп қойған", - дейді полиция өкілдері. Айта кетейік, сынап ішіп қойса, алдымен жүрек айниды. Адамның іші өтіп, құсқысы келеді. Іштен қан шығуы да мүмкін. Сосын адам өзін әлсіз сезініп, басы айналады. Ал сынаптың шамадан тыс мөлшері өлімге де себеп болады. Мамандардың айтуынша, бала аузына сынап алса, оны бірден түкіріп тастау қажет. Сосын ауыз қуысын марганецпен шайып алған жөн. Метал сынаптың өзі аса қауіпті емес. Алайда ол асқазандағы тұз қышқылымен араласқан кезде аса улы зат - HgCl2 сынап хлоридіне айналады. Ол қанға тез сіңіп, бүкіл организмге таралып кетеді. Егер бала сынап ішіп уланса, оған бірден сүт пен жұмыртқа ақуызын берген дұрыс. Сынап жылы температурада тез ериді. Ал буланып кеткен жағдайда улы газға айналады. Сол себепті 2007 жылдан бастап Еуропада сынап термометрі мен тонометрлерін қолдануға тыйым салынды. Біз болсақ, оны әлі күнге дейін пайдаланып келеміз.
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста