Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған кезеңде ел ішіндегі миграция 10,9% артты.
«Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (6 782 адам), Астана (6 443 адам), Шымкент (241 адам) қалаларында және Алматы облысында (223 адам) халық көші-қонының оң сальдосы қалыптасты. 2023 жылғы қантар-наурызда елге көшіп келгендер саны 7 680 адамды, елден кеткендер саны 2 664 адамды құрады. Көші-қон сальдосы − 5 016 адам. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87% өсті, ал шығып кеткен 49,6% азайды», деп жазылған мәліметте.
Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүрген. Достастық елдерінен келгендердің үлесі – 90%, ал сонда кеткендердің үлесі – 69,5%.